Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық бойжеткен күнделікті 1,5 сағат боянбай, үйінен шықпайды

Алматылық Анар есімді бойжеткен күнделікті 1,5 сағатын бет әрлеуге жұмсамаса, үйден шықпайтынын айтады. Бет әрлеуге деген әуесқойлығы 1-нші курста оянған екен. Қазір уақытта ол кәсіби бет әрлеу курстарын тәмамдап, болашағын осы саламен байланыстырғысы келеді. Stan.kz тілшісі өмірінің ең маңызды бөлшегі ретінде бет әрлеуді санайтын Анармен сұхбаттасып қайтқан еді. 

Мен КИМЭП-тің 4-нші курсында оқимын, макияжбен төрт жыл бұрын айналыса бастадым. Мен түрлі блогтар, тюториал, Ютубтағы видеолар арқылы үйрендім. Масс-маркеттегі қымбат емес косметика мен қылқаламдарды сатып алып, бояна бастадым. Өзімді кәсіби деңгейде әрлейтін болдым, тіпті кірпік жалғай аламын. Жарты жыл бұрын визажистің кәсіби курсын бітірдім. 

Себебі мен өзім жақсы боянғанымен, басқаның бетін әрлей алмайтынмын. Қазір мен кәсіби косметика мен қылықаламдармен жұмыс істеймін. 

Бет әрлеуге орташа мен бір жарым сағат жұмсаймын, бұл әдетте кешке, қонаққа жиналғанда. Көп дегенде екі сағат. Мұнда бетті коррекциялау, қасымды әрлеу, кірпік жалғау, көзді бояу, басқасы. Күнделікті макияжға бір сағат жұмсаймын. Күнде.

Макияжсыз мен тіпті қоқыс тастауға шықпаймын. Қазір ақылы түрде макияж жасайтын болдым. Бірақ бастапқыда үйреніп жүргенімде, модельдерды шақырып, тегін жасайтынмын. Бірақ макияжды міндетті түрде тек аз ғана ақшаға болса да, бірақ ақылы жасау керек.

Бізді курстарда осылай деп үйрететін. Мен сонымен қатар тарологпын, онда да ешқашан тегін бал ашуға болмайды. Жұмыста жора-жолдас, туған-туыс деген болмауы керек, иә, жеңілдік жасауға болады, бірақ олар да мен косметикаға, басқасына ақша жұмсайтынымды, бұл менің еңбегім екенін түсінуі тиіс. 

Менің "Инстаграмда" өз парақшам бар, бірақ блогер болғым келмейді. Себебі әлеуметтік желідегі шығармашылыққа деген махаббат керек, ал менде ол жоқ. Одан кейін оқырмандар алдындағы жауапкершілік деген бар, уақытылы контент жасау, видео түсіру, араласу. Бір кездері қатты сәнге айналған кезде, белсенді болатынмын. Қазір арасында ғана. Себебі Инстаграм жұмысыңды көрсету үшін ыңғайлы платформа. 

Үйімнен тыс жерге мен макияжсыз шыға алмаймын. Тіпті фобияға айналған десем болады. Мен кез-келген уақытта, барлық жерде боянуға тырысамын. Макияждың барлық қажетті нәрселерін жасамасам, өзімді ыңғайсыз сезінемін. Жеңіл-желпі макияжға 30 минут кетеді, ал толығырақ боянуға ықыласым болса, бір жарым сағат жұмсаймын. Мен күнде таңертең оянып, тамағымды ішпей кетуім мүмкін. Бірақ бетімды әрлеп, шашымды сәндеп қана үйден шығам. 

Басында ата-анам онша жақтыртпады. ""Неге соншама боянасың? Сенің терің онсыз да әдемі, жас, балғын. Соншама косметиканың не қажеті бар?" - деп санайтын. Бірінші рет кірпік жалғатқанда папам шошып кетті, алып таста деп. Бірақ мамам мені сапалы жақсы косметикаға үйретті, әдемілікке баулыды. Ол үшін қатты ризамын мамама. Қатты боян демейтін, бірақ қыз бала өзіне күтім жасау керек дейтін. Жұбайым туралы айтсам, кездесіп жүргенде оған қатты ұнайтын, артынан үйленген кезде, ол қанша уақыт жұмсайтынымды көріп, тамағыңды ішіп ал деп ұрысатын. Қазір ол мені қолдайды, керек-жарағымды алып береді. 

Күнделікті макияжға жұмсаған уақытымды бекерге жұмсадым деп есептемеймін. Себебі мен әр минутымды өзіме, сүйіктіме жұмсаймын. Өзіме салған үлесім деймін. Кез-келген қыз өзін жақсы көруі тиіс, күтінуі тиіс, өзінде кейбір кемшіліктер болуы мүмкін, бірақ оны косметика, макияж арқылы түзетуге болатынын түсінуі керек. Мен университетке жарты сағат бұрын жүгіріп келіп, шашы май-май, мүлдем боянбайтын қыздарды түсінбеймін. Оқытушылардың өзіне алдына күтініп жүретін студент келгенде жақсы емес па? Өзіңе уақыт аяуға болмайды, бұл-басты талап. 

Макияжсыз мен өзімді ыңғайсыз, "бос орын" ретінде сезінемін. Менімен, әрине, достарым бұрынғыдай араласады, бірақ макияжсыз мен өзімді көптің бірі, қарапайым, ештеңемен ерекшеленбейтін, ешқандай ерекшелігі жоқ адам ретінде сезінемін. Бұл сезім маған үлкен қолайсыздық әкеледі. Сондықтан мен бұл жағдайға дейін жеткізбеуге тырысамын.

Мүлдем макияжсыз жүретін күндер болады, әрине. Стамбулға барғанда менде қаланы аралауға небары 3 күн ғана болды, сондықтан мен өмірімде алғаш рет макияжға уақыт жұмсамауға шештім. Көптен күткен саяхатым, сүйікті қалам болғандықтан, бетіме тек иісмай жағатынмын.

Стамбул үшін өмірімдегі ең маңызды нәрседен бас тарттым. Әрине, басқа қыздардың қасында, әсіресе қатты боянатын араб қыздарының қасында өзімді ыңғайсыз сезіндім. Тіпті, фотоға түскім келмейтін. Қалған уақытты үнемі боянып жүруге тырысам. 

Өзім үлгі тұтатын бет әрлеушілердің ішінде Гоар Аветисян қатты ұнайды. Ол өте еңбекқор, сонымен қатар қарапайымдылығын жоғалтпады. Ол да үйінде үйреніп, арзан косметикадан бастаған. Өте қатты сыйлаймын. Оның деңгейіне жеткім келеді. 

Ай сайын өзімнің косметикама 40 мыңдай жұмсаймын. Қалғанын біткеніне қарай толықтырып тұрамын. Өте көп аламын, көп жұмсаймын деп айта алмаймын. Қазір салонда жұмыс істесем, визажистің негізгі кейсіне 200 мыңдай кетеді. Жақсы, сапалы косметика арзан тұрмайды. Ал өзімнің жеке қобдишам үшін косметиканың жақсысын, сапалысын, кейде люкс сегментіне кіретіндерін пайдалануға тырысамын. 

Pupa, Mac, NYX, Smashbox, Tom Ford, Dior маркаларының косметикасы ұнайды. Ал кәсіби визажистер өте қатты қымбат далап, опаларды пайдаланбайды, әрине. Жалпы, түрлі косметика маркаларымен пайдалана беремін. 

Косметикадан басқа қызығушылығым Таро карталарымен байланысты. Одан басқа покер ойнауды үйрендім, папам шахматқа баулыды, 4 жыл теннис ойнадым, жүзумен айналысам. 

 

 

 

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр