Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жолаушы таксистердің ұялы телефонын тартып алып, сатып келген

Алматыда полицейлер 29 жастағы ер адамды ұстады. Ол таксистердің ұялы телефонын тартып алған деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері күдіктіні шұғыл түрде ұстады. Ол алаяқтық жасады деп күдіктелуде. Тергеу анықтағандай, ол Түркісіб ауданының аумағында 11 таксистің ұялы телефонын тартып алған. 

Белгілі болғандай, ер адам Түркісіб ауданын такси тоқтатып, артынша жүргізушіге жол көрсетіп отырған. Ол әңгіме барысында ұялы телефоны мен ақшасын үйге қалдырып кеткенін айтыпты. Мұнан кейін межелі жерге жетіп алып, таксистен үйіндегілерге хабарласып, ақша алып шығуын сұрау үшін ұялы телефонын бере тұруын өтініпті. Алайда телефонды алған бойда көліктің салонынан шығып, белгісіз бағытқа қашып кетеді екен. 

Артынша күдікті телефондарды басқа адамдарға сатып жүріпті. 

«Күдікті жасаған қылмысын толықтай мойындап отыр. Оған қатысты ҚР ҚК 190-бабына сәйкес (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді 

Түркісіб аудандық полиция басқармасы күдіктінің әрекетінен зардап шеккендерден 298-54-00; 298-54-01 және 298-54-02 телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды. 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр