Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жол апатынан көз жұмған актрисаның анасы: «Кардың туыстары кешірім сұраған жоқ»

Алматыда жантүршігерлік жол апатын жасап, үш адамның өліміне себеп болған Ілияс Кар кінәсін ішінара мойындады. Ал апаттан көз жұмған актриса Шолпан Елгезекованың анасы сотталушының туыстарының кешірім сұрамағанын айтты.

Алматыда жол апатынан көз жұмған актрисаның анасы: «Кардың туыстары кешірім сұраған жоқ»

Бұл туралы «Алматы» арнасына сілтеме жасап  Stan.kz хабарлайды.

Іс материалдары бойынша, күдікті апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетпей, оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда Ілияс Кар мұндай айыппен келіспей отыр. Ол өзінің мас болмағанын және оқиға орнынан қашып кетпегенін айтады.

Ал марқұмдардың туыстары жол апатына кінәлі азаматқа ең ауыр жаза берілуін талап етіп отыр. Сондай-ақ, моральдық және материалдық шығынды өтеуін талап етті.

«Екі күн бұрын қырқын өткіздік. Алайда Кардың туыстарының ешқайсы келмеді. Кешірім сұрауға тырыспады. Үш адамның өліміне кінәлі адамды заң бойынша ең қатаң жазаға кесуін сұраймынз», - дейді марқұм Шолпан Елгезекованың анасы Гүлжахан Заманбекова.

Еске сала кетсек, 29 желтоқсанда Алматыдағы Сейфуллин және Абай даңғылдарының қиылысында жол апаты орын алып, салдарынан 3 адам мерт болған еді. Олардың ішінде актриса Шолпан Елгезекова да бар. Дәл осы көлікте отырған актриса Айзада Сатыбалдиева ғана аман қалып, ауыр жарақатпен аурухананың жансақтау бөліміне түскен еді.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау