Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда ҰОС қатысушыларына 500 мың теңгеден беріледі

Алматыда Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысына қатысушыларға 500 мың теңгеден беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қала басшысы Бауыржан Байбек Twitter желісінде жазды. 

«Біз Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен батырларымыздың ерен ерлігін әрқашан мақтан етеміз. Оларға үнемі құрмет пен қолдау көрсету – абыройлы міндетіміз. Біз төлемақыны екi есеге арттыру туралы шешім қабылдадық. Жеңіс күніне орай біздің ардагерлер 500 мың теңгеден алатын болады», - деп жазды Байбек.

Айта кетсек, бұған дейін еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Жеңіс күніне орай ҰОС қатысушыларына берілетін төлемақының мөлшері неліктен әртүрлі екенін түсіндірген еді. Аталған төлем Нұр-Сұлтан қаласында 500 мың теңгені болса, өзге өңірлерде 120-130 мың теңгені құраған. 
 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр