Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда троллейбус жүргізушісінің рөлде отырып сүйіктісімен аймаласқан сәті видеоға түсіп қалды (видео)

Алматыда троллейбусты тізгіндеген жүргізуші әйел мен ер адамның аймаласқан сәті видеоға түсіп қалған. Аталған видео желіде тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған видео кадрларынан байқалғандай, жүргізуші әйел рөлде отырған кезде жанында отырған ер адам оның иығынан сүйіп, төсін аймалайды. 

Өз кезегіде «Алматыэлектротранс» ЖШС өкілі жазба астында кешірім сұраған. 

«Кешірім сұраймыз. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр», - дейді компания өкілі. 

 

InAlmaty басылымының мәліметінше, компаниядағылар оқиғаны растады. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Олар жүргізушіні тәртіптік жазаға тартатынын мәлімдеді. 

Сонымен қатар компаниядағылар видеодағы адамдардың ерлі-зайыпты екенін айтты. Басылым мәліметінше, тексеріс барысында жүргізушінің басқа да бұзушылықтарға жол бергені анықталған. 


 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр