Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы отбасылардың балабақшаға жұмсайтын шығыны өтелуі мүмкін

Алматыда көпбалалы аналардың балабақшаға жұмсайтын шығынын өтеп беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда көпбалалы отбасылардың балабақшаға жұмсайтын шығыны өтелуі мүмкін Сондай-ақ, қала басшысы Бауыржан Байбек мүгедек балаларды өсіріп отырған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмекті арттыру шараларын қарастыруды тапсырды.

«Мүгедек балаларды үйден оқыту үшін жұмсалатын шығынды өтеу үшін атаулы әлеуметтік көмекті арттыру шараларын, қиын жағдайға тап болғанда бір реттік әлеуметтік көмек берілуін қарастыру керек. Балаларды балабақшаға орналастыру мәселесі сезімтал болып тұр. Әсіресе жанұя көпбалалы болса. Көпбалалы әлеуметтік осал топтағы отбасылардың екінші баладан бастап балабақша шығынын өтеу мәселесін қарастыру керек», - дейді Бауыржан Байбек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау