Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда кәріз құдығының қақпағы автобустың астыңғы бөлігін тесіп өтіп, жолаушы жарақаттанды

Алматыда кәріз құдығының қақпағы бекітілмей қалып, салдарынан ЖКО-ға себеп болды. Нәтижесінде жолаушы әйелдің аяғы сынып, ауруханаға жеткізілген.

Алматыда кәріз құдығының қақпағы автобустың астыңғы бөлігін тесіп өтіп, жолаушы жарақаттанды

Сурет: Sputnik Қазақстан/Стрингер

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға таңертеңгі уақытта Халиуллин көшесі мен Шығыс айналма жолының қиылысының аумағында орын алған.

65-бағыттағы автобус жүргізушісінің сөзінше, әдеттегідей өз бағытымен кетіп бара жатқан. Шығыс айналма жолынан өтіп, Халиуллин көшесіне бұрылып, кәріз құдығының үстінен өтіп бара жатқанда әлдененің қатты соғылғанын, артынша салонда бір әйелдің айқайлағанын естіпті. Автобусты тоқтатқан жүргізуші салонға шығып, шойын қақпақтың автобустың астыңғы жағын тесіп өткенін көрген. Сол жерде жолаушы әйел отырған екен. 

Алматыда кәріз құдығының қақпағы автобустың астыңғы бөлігін тесіп өтіп, жолаушы жарақаттанды

Зардап шеккен әйел аяғының қатты ауырып тұрғанын айтып, жедел жәрдем шақыруды сұрапты. Оқиға орнына келген дәрігерлер оған алдын ала «аяқтың жабық сынығы» диагнозын қойған. Артынша әйел ауруханаға жеткізілді. 

Қазіргі уақытта оқиға орнына коммуналдық қызметтер шақырылып, жолды жөндеумен айналысып жатыр. 

Алматы полициясы оқиғаға қатысты тергеуді бастап кетті. Оқиғаға кімнің кінәлі екені тергеу барысында анықталады. 
 

Талқылау