Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда дәрігерлер қарияның қуығынан 86 тас алып шықты

Алматыда Бинеш Жарбосынов атындағы урология орталығының мамандары қарияның қуығынан 86 тас алып шықты, деп жазады Tengrinews.kz-ке сілтеп Stan.kz.

Алматыда дәрігерлер қарияның қуығынан 86 тас алып шықты

81 жастағы науқастың қуығынан 86 тас шықты. Дәрігер Марат Мақажанов пен Якуб Хахазов ота арқылы тастарды алды. 

1938 жылғы қария зәр шығару қызметінің ауыр екенін айтып дәрігерге қаралған. Дәрігерлер тексеру кезінде науқастың қуғында көптеген тас барын айтты. Оны санау мүмкін емес еді. 

Күрделі ота жасалып, нәтижесінде 86 тас алынды. Олардың көлемі 2-ден 15 мм-ге дейін. Дәрігерлер әдетте 1-2 ірі тастың немесе 6-8 ұсақ тастың қуықта жиналатынын айтады. Ал, 86 тас шыққаны таңғаларлық жайт екенін атады. 

"Бұл сирек кездесетін жайт. Осынша тастың жиналуына бірнеше факторлар себеп болады. Тастар аденома, онкологиялық аурулар, жара мен жарақаттардан пайда болады. Сондықтан емдеу алдында негізгі себептерін анықтау керек", - деді орталықтың дәрігерлері. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр