Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайлау емес, цирк? Сайлау учаскесінде қойылым қойғандар кімдер

Цирк қызметкерлері Алматыдағы сайлау учаскесіне жануарлармен бірге келіп, импровизациялық шоу көрсетті. Цирк әртістері жануарларымен бірге қойылым алдында дауыс беруді жөн көрді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеп Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сайлау емес, цирк? Сайлау учаскесінде қойылым қойғандар кімдер

"Мен мұндай оқиғаны жіберіп алғым келмейді. Сонымен қатар Қазақстанның, азаматтарымыздың тағдыры шешіледі. Мен жұмыстан келе сала болашақ президентімізге дауыс беруді жөн көрдім. Өзімнің Томыммен бірге. Сайлау учаскесінде пілдер карнавалы болды", - деді әртіс Ринат Қажмағамбетов.

Ринат Қажмағамбетов бюллетеньді белгілегенше, әртіптестері қонақтардың көңілін көтерді. 

Клоун моноциклдегі виртуозд жүрісті көрсетсе, балериналар әдемі келбетін көрсетті. Том есімді маймыл адамдармен амандасып, суретке түсті. 

Алматдағы Чайковский атындағы музыкалық колледжде де сайлау орны алдында концерт болды.Тұрғындар ұлт аспаптар әуенімен дауыс берді. 

"Бұл біз үшін мереке. Бұл жерде концерт қойды. Біз дауыс бердік. Сыртында күй ойнап жатты. Маған ұнады", - деді Абырой Оразбеков. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр