Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұзақылар белгілі тележүргізушінің көлігінің айналарын ұрлап алып кетті

Белгілі тележүргізуші және продюсер Дастан Шымырбайдың көлігінен бұзақылар айнасын шешіп алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz тілшісіне мәлім болды. 

Айтуынша, келеңсіз оқиға наурыздың 18-нен 19-на қараған түні орын алған. Алматының Мамыр-3 ықшам ауданында орналасқан үйдің алдына тұраққа қойылған көліктің екі айнасы Kolesa.kz сайтында шамамен 15 мыңнан-260 мыңға дейінгі бағаға сатылып отыр.

Ең қызығы, Дастан көлікті тура күзетші отыратын дүңгіршіктің қасына қойған екен. 

Қазіргі уақытта белгілі тележүргізуші полицияға ұрлық жайында арыз түсірді. 

Дастан Шымырбай - КТК, "31 арнада" ұзақ уақыт жаңалықтар жүргізушісі болды. Қазір Евразия телеарнасының Бас продюсері әрі бірнеше отандық телевизиялық жобалардың авторы. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр