Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда анасы 1 жасар баласын өрттен құтқару үшін екінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберді

Алматыда екі қабатты жатақханада өрт болды. Көрші үйде тұратын ер адам өрт болған үйдегілерге көмек көрсетті.

ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің мәліметінше, екі қабатты жекеменшік жатақханадағы өрт туралы хабарлама 11 наурызда сағат 18: 21-де Алматы қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі «101» қашықтан басқару пультіне келіп түсті. Оқиға Жетісу ауданындағы Первомайский көшесінде орын алды.

Бірінші қабаттағы бөлмеде өрт шығып, жалпы ауданы 80 ш.м. болатын жерді шарпыды.

Көрші үйдің тұрғыны үш баланы құтқарды. 1994 жылы туған Дүйсен Нұрқанат 2013 және 2016 жылдары туылған екі баланы 2 қабатта түтінмен толтырылған бөлмеден алып шықты.

Аанасының терезеден лақтырған үшінші баласын қағып алды. Анасы аман алып қалу үшін1 жасар баласын терезеден лақтырды. 

Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен өрт сағат ауыздықталды.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру үшін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің 32 қызметкері мен 9 өрт сөндіру техникасы бөлімі тартылды.

Балаларды құтқарған ер адам ерлігі үшін Алматы қаласының төтенше жағдайлар басқармасы атынан марапатталады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр