Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда "Агрессорлармен жұмыс жөніндегі орталық" жобасы іске қосылды

"Жанұя отбасын қолдау Орталығы" Қоғамдық Қоры Алматы қаласының Қоғамдық Даму Басқармасымен бірлесіп "Агрессорлармен жұмыс жөніндегі орталық" жобасын жүзеге асыруды бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұру

Жоба жұмыс отбасындағы, қарым-қатынас жасауда және әлеуметтік ортада өзінің ашу-ызасын, агрессиясын басқара алмайтын адамдарға (ерлерге, әйелдерге, балаларға, жасөспірімдерге) әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуге бағытталған. 

"Агрессия" және "зорлық-зомбылық" ұғымдары көбінесе синоним ретінде қолданылады, бірақ бұл екі терминнің арасында айырмашылық бар екенін айтады ұйымдастырушылар. Зорлық- зомбылық – бұл басқа адамға зиян келтіру немесе қандай-да бір мүлікті бұзу үшін әдейі күш қолдану болса, ал агрессия, әдетте, ашуланшақтық пен ашулануға, қатыгездікке немесе зиян келтіруге байланысты сезімдер немесе мінез-құлық үлгілері ретінде анықталады.

"Агрессияға бейім адам міндетті түрде зорлық-зомбылық жасамайды. Агрессия мен зорлық-зомбылықтың салдарын, басқа да әртүрлі проблемаларды терапия кезінде психикалық денсаулық саласындағы білікті маманның көмегімен шешуге болады. Мұнда сіз агрессивті мінез-құлықтың алдын алу аясында, тегін білікті әлеуметтік-психологиялық көмек ала аласыз", – дейді жоба ұйымдастырушылары.  

Орталық мамандары online және offline режимінде кеңес береді, кеңес беру мәселелері бойынша  +77771894339 whatsApp нөміріне жазып, тегін көмек алуға болады.

Талқылау