Алматыда 3 балалы жалғызбасты ананы зорлаған қылмыскер 2,5 жылға сотталды: келіншек әлі үреймен өмір сүруде

Алматыда үш баласы бар жалғызбасты келіншек өзін зорлаған қылмыскер сотталып кетсе де, әлі үрей құшағында жүр. Себебі, сот зорлаған жігітке бар болғаны 2 жарым жыл ғана жаза кескен. Ал, оның туыстары шағымданған келіншекті жиі мазалайтын көрінеді. 

Алматыда 3 баласы бар жалғызбасты ананы зорлаған қылмыскер 2,5 жылға сотталды: келіншек әлі үреймен өмір сүрудеБұл туралы жәбірленуші 31 арнаға берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.    

«Мен шыққанда саған көрсетемін. Менің артымда адамдар бар. Сен ештеңе істей алмайсың»,- деген сотталушы түрмеге жабылатын кезде.

35 жастағы келіншектің айтуынша, сотталған азамат оны 3 мәрте зорлаған. Тұрмысы төмен әйел үш баласын уайымдап, алғашында ешкімге тіс жармаған. Бірақ, отбасылы азаматтың азғындығына күйінген ана полиция шағым түсірген. 

«Жігіт қамалған соң туыстары арызыңды қайтарып ал деп, келе бастады. Күнде мазамды алды. Мен сотқа сенгендіктен, оларды қайтарып жіберіп отырдым. Бірақ, қайта-қайта келе берген соң балаларым үшін қорқа бастадым. Олардың ақша бар, ал мен жазғызбасты, ауру, жағдайы төмен адаммын. Онсыз да өмірден көргенім аз емес»,- дейді Дамира.

Ақ қан ауруына шалдыққан Дамира балаларымен шағын бір бөлмені жалдап тұрады. Ауруы демдеп, тістері де түсіп қалыпты. Тіпті, сот кезінде жүрек тасмасы ұстап, жедел жәрдеммен ауруханаға жатқан. Ал сотталушының туыстары болса, «бәрібір өлесің ғой, кешірім берсеңші» деп талай рет келіп, қолқалапты.

Жәбірденуші алғашында ұсынған аздаған ақшасын алып, кешірім бергендей болыпты. Бірақ, сот кезіндегі қысым мен мазаққа төзбедім дейді. Зорланған әйелді енді «НеМолчиKZ» ұйымы қолдап жүр.

Алматы сотының мұндай үкімінен шошынған ұйым Жоғарғы сотқа шағым әзірлеп жатыр.

«Барлығы сотталушыны жақтап кеткендей. Үкім шыққанша ол бостандықта жүрді. Ал сот кезінде ашықтан-ашық, көптің көзінше әйелге қорқыту мағынасындағы дөрекі сөздер айтады. Өзі науқас, үрейленген әйелдің жағдайы ескерілмейді. Әлеуметтік жағдайына да зер салмаған. Осыған байланысты Бас прокуратураға, Жоғарғы сотқа шағым дайындап жатырмыз»,- дейді «НеМолчиKZ» ұйымының жетекшісі Дина Исмаилова. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр