Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 3 балалы отбасы құлағалы тұрған үйінен жаңа пәтерге көшуден бас тартты

Алматыда үш баласы бар отбасы екі қабатты ғимараттағы ескі үйінен жаңа пәтерге көшуден бас тартты. Бірақ, олар тұрып жатқан үйді бұзуға дайындап жатыр. Және күрделі құрылыспен айналысатын кәсіпорын осы пәтерден басқа барлық пәтерді сатып алған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеп.

Алматыда 3 балалы отбасы құлағалы тұрған үйінен жаңа пәтерге көшуден бас тартты

Жалғыз Болтушевтар жанұясы ғана үйлерін босатудан бас тарты. Себебі, үй иелері айырбастың теңсіздігіне қанағаттанбай отыр. Олар өздеріне екі бөлмелі пәтердің орнына аумағы үлкендеу келген бір бөлмелі пәтер ұсынған дейді. 

Биылғы жылы Алматыда 19 ескі үйді бұзу жоспарланған, бірақ үй иелерінің келіспеушіліктеріне байланысты үдеріс кешіктіріліп жатыр. 

«Бізде аумағы 10-5, және 16-5 толық екі бөлмеміз бар. Ал олар бізге аумағы19 шарты болатын бір бөлме беріп отыр»,- дейді пәтер иесі Лариса Болтушева.

Лариса Болтушева ол үйде 1958 жылдан бері тұрып келеді. Қазір екі бөлмеде өзінен бөлек ұлы, жүкті келіні және олардың үш кішкентай баласы тұрады. Олар тұратын үйдің қабырғасы мен төбесі құлағалы тұр. Бірақ, үй иелері бір бөлмелі жаңа пәтерге көшуден үзілді-кесілді бас тартып отыр.

«Олар бізді 2 бөлмелі пәтерімізден аумағы 19 шаршы болатын бір бөлмеге тығып қойғысы келеді. Менде аумағы 27 шаршы қолданылатын пәтер бар, ал олар мені 19 шаршы жерге көшіргісі келеді. Мен сонда ваннада немесе балконда ұйықтамайтын шығармын»,- дейді Лариса Болтушева.

Құлағалы тұрған үйден көшпеген Болтушевтар отбасы ғана. Ал, олардың үйінің жанындағы екі қабатты көршілес ғимараттар қазірдің өзінде қоршаумен қоршалған және жақында бұзылады.

«Бүгін мұнда ауланы қоршауға келді. Мен, оларға: не менің балаларым түрмедегідей не өмір сүруі керек пе дедім? Неге мені қоршап жатырсыңдар? Бұл үй біз осында тұрғанша тұрғын үй деп есептеледі», - дейді үй иесі Рустан Болтушев.

Апатты тұрғын үйлерді бұзу операторы ретінде әрекет ететін «Күрделі құрылыс кәсіпорнындағылар» үй иесіне ұсынған ұсыныстары туралы айтып берді. Олар 30 шаршы метр аумақты екі бөлмелі пәтердің орнына аумағы одан 10 шаршы метрге көп бір бөлмелі пәтер ұсыныпты. Немесе үстінен 2,5 млн теңге төлеп екі бөлмелі пәтер алсаңыздар болады депті.
 

Талқылау