Алматы облысында оқушы асылып қалды: Марқұмның хатта не жазғаны белгілі болды

Алматы облысында 9-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды. Жіпке асып қалған бала тіпті ата-анасына соңғы сөзін хатқа жазып кетіпті. Оның хатта не жазғаны белгілі болды.

9-сынып оқушысы асылып қалған

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап хабарлайды. 

Марқұм Талғардағы №19 мектептің оқушысы екен. Мұғалімдерінің бәрі оның жерлеу рәсіміне барған. Тек туғандары қайғының мән-жайын анықтап айтқысы келмеді. 

Белгілі болғандай, марқұмның жанынан «ешкімге ренішім жоқ» деген жазуы бар қағаз табылған. Десе де полицейлер тергеудің жүргізілетінін айтты. 

«Бұл оқиға өз-өзіне қол жұмсау бабы бойынша тіркелді. Өйткені бала соңынан хат жазып қалдырған. Қазір ювеналды полиция қызметкерлері тиісті текесеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар сот-медициналық сараптама тағайындалды», - дейді облыстық полция департаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында 9-сынып оқушысының өз үйінің ауласында асылып қалғанын хабарлаған едік.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр