Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында әйелдің сауда үйі, оқу орындарында ұрлық жасағаны видеоға  түсіп қалды (видео)

Алматы облыстық полициясы сауда үйлерінде, оқу және медициналық мекемелерде ұрлық жасап келген әйелді ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

25 жастағы әйелдің Талдықорған және көршілес Ескелді ауданында жасаған бірнеше ұрлығы бақылау камерасына түсіп қалған. Артынша видео әлеуметтік желіде тарай бастады. Өз кезегінде видеоматериалды зерттеген полицейлер ұрыны анықтап, артынша ұстады. 

«Күдікті ретінде Көксу ауданының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның Талдықорғанда және Қарабұлақ аулында 6 рет қалта ұрлығын жасағаны дәлелденді. Ұрлық сауда үйлерінде, оқу және медициналық мекемелерде жасалған. Ұрланған заттардың арасында ақша, ұялы телефон, әмиян, әйелдердің сөмкесі және тағы басқа да заттар бар. Зардап шеккендерге қанша шығын келгені есептеліп жатыр. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», - дейді полиция департаментіндегілер. 

 

Полиция мәліметінше, тұтқындалған әйел бұған дейін осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапқа тартылған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр