Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында әйелдерді тонап, зорлай жаздаған таксист ұсталды

Алматы облысының полиция қызметкерлері таксист ретінде жұмыс істеп жүріп, әйел жолаушыларды тонаған 27 жастағы ер адамды ұсталды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды. 

Ер адамды Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкерлері қолға түсірді. 3 маусым күні 25 жастағы әйел полицияның көмегіне жүгініп, өзін тонап кетіп, зорлай жаздаған таксисті ұстап беруді сұрады. Жәбірленуші көліктің түсін және маркасын атай алды. Бірнеше сағаттан кейін тәртіп сақшылары көліктің маркасын нақты анықтап, күдіктіні қолға түсірді. Әйелдерді тонаған ер адам Ащысай ауданының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. 

"Ер адам әйелдің 92 мың теңгесі мен ұялы телефонын тартып алған. Сонымен қатар, оның тағы да бір ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Биыл мамыр айында ол Есік қаласында тұратын қызға қысым көрсеткен. Екі жағдайда да ер адам әйелдерді зорламақ болған. Алайда әйелдер сол жағдайда өздерін қорғай білген соң, райынан қайтып, оларды тонаған. Зергерлік бұйымдарын, ұялы телефондары мен ақшаларын алып қойған" — деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері. 

Қазіргі уақытта күдікті уақытша тергеу изоляторында. Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкерлері әрі қарай осы іспен жұмыс істейді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр