Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында депутат 200 мың доллар парамен ұсталды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті Талғар ауданының мәслихат депутаты, жер комиссиясының мүшесінің пара алғанын анықтады. Бұл туралы Ұлттық бюроның тергеу департаментінің төрағасының орынбасары Бауыржан Балғабеков брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Алматы облысында депутат 200 мың доллар парамен ұсталды (видео)

«Ол Талғар ауданының Панфилов ауылдық округіндегі 12 гектар жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін, азаматтан 200 мың АҚШ доллары көлемінде (76 млн теңге) пара алды деп күдіктеліп отыр», - дейді Бауыржан Балғабеков.

Оның сөзінше, сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр