Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы маңындағы қоқыс полигонындағы өрт: Өрттің салдарын жоюға 90 адам жұмылдырылды

Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы қалдықтардың әлсіз жануын жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТЖК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы маңындағы қоқыс полигонындағы өрт: Өрттің салдарын жоюға 90 адам жұмылдырылды

Сурет: Facebook/Павел Александров

Өрт сөндіру автоцистерналары, су тасушы көліктер мен арнайы текхника 17 мамыр түнінде сағат 3-ке дейін жұмыс істеп, таңғы 6-да жұмысты қайта жалғастырған.

«Қазіргі уақытта бықсып жатқан орындарға су құйып, балшық төгу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сағат 7-ден бастап су төгетін құрылғысы бар екі тікұшақ 30 рет су төгіп өтті. Сонымен қатар өрт орнын үнемі бақылап отыру үшін, «Матрица-600» квадрокоптері қолданылуда», - дейді ТЖК-дағылар. 

Өрттің салдарын жоюға 2 тікұшақ, 53 техника және 91 адам жұмылдырылған. Өрт орнында жұмыстар жалғасуда. 

Еске сала кетсек, 16 мамырда Алматы тұрғындары сасық иістен демалу мүмкін емес екенін айтқан еді. Артынша иісті жайлауына Алматы облысында қоқыс үйіндісінің өртенуі себеп болғаны хабарланды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр