Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек дауыс беруге отбасымен бірге келді

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек сайлау учаскесіне дауыс беру үшін әйелі Жанар және ұлымен бірге келді. Қала басшысы "Орбитада" орналасқан №40 мектепке келіп дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі. 

Фото: © Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur

Дауыс беру үшін келген Байбек журналистердің есіне тәуелсіздік жылдары Алматы қаласының экономикасы 100 есе, ал тұрғындар табысы 20 есе өскенін еске салуды ұмытпады. 

"Қазір ауа райы тамаша болып тұр, учаскеге келіп, дауыс беріңіздер. Мен сайлаудың ашық және Қазақстан заңнамасына сәйкес өтетініне сенімдімін. Алматылықтар өзінің, балалары мен немерелерінің, тұрақтылық пен өркендеу үшін дұрыс таңдау жасайды", - деп мәлімдеді Байбек. 

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда 11 947 995 адам дауыс беруге құқылы. Алдын ала сайлау қорытындысы (Exit Poll) түнгі сағат он екілерде шығады деп жоспарлануда. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 9 маусым, Қазақстан Республикасында президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекетте үш сағат ішінде халықтың 12,8%-і дауыс беріп үлгерді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мен билікті бір-бірін қолдауға шақырды. Мұнымен қатар, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та Оқушылар сарайына барып дауыс берген болатын. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр