Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайында жалған ПТР-тест анықтамасымен 8 адам ұсталды

Алматы қаласында коронавирусқа қарсы ПТР-тестінің жалған анықтамасын қолданған 8 тұрғын әшкере болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

"Азаматтар арасында жалған ПТР анықтамаларын қолдану тыйылмай тұр. Бұл жолы күдікке Алматы қаласының 8 тұрғыны ілігіп отыр. 30 шілдеде Алматы қаласының халықаралық әуежайында көлік полицейлері нысан қызметкерлерімен бірге коронавирус жұқтырмағаны туралы жалған ПТР анықтамасы бар адамдар тобын ұстады", – деді көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Сарықұл Жоланов.

Оның айтуынша, ұсталғандардың барлығы Алматы қаласындағы жеке фирмалардың бірінің қызметкері. Жұмыс орны оларға Дубай қаласына саяхат жолдамасын берген. Құқық бұзушылар ПТР анықтаманы интернет арқылы сатып алғандарын айтқан.

"Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп түйіндеді полиция полковнигі. Сарықұл Жоланов бұл Алматы қаласының әуежайында тіркелген 11-інші оқиға екенін айтады.

 

Талқылау