Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алмат Кебісбаев алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Алмат Кебісбаев ресейлік балуан Ибрагим Лабазановты жеңді.

жеңгені

Сурет:Vesti.kz

Грек-грем күресінен іріктеу сайысында қазақ балуаны ресейлік Ибрагим Лабазановты ұтты. Төрешілер Алматтың басымдығын мойындап 4:0 есебін тіркеді.

Осылайша, Алмат Кебісбаев жарыстың 1/8 финалына өтті. Енді күрес алаңына 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Досжан Картиков шығады. Алмат Кебіспаев Лондон Олимпиадасында 5-ші орын алды.

Талқылау