Алмас Кішкенбаев қыздар және жігіттер тобын құрмақ
Әнші Алмас Кішкенбаев енді продюсерлікпен айналыспақ. Ол қазір жас таланттарды іздестіріп жатыр.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Қыздар және жігіттер тобын құруға ниеттенген Алмас кастинг жариялады. Ол жас таланттарды өнер әлемінде биіктетуге сөз берді.
Әнші әзірге болашақ топтарының қандай бағытта ән салатынын шешкен жоқ. Дегенмен кастинг талаптарына өнерпаздың міндетті түрде қазақтың халық әнін орындау керектігін атап көрсетті.
“Кастинг! Жаңа музыкалық топқа талантты қыз-жігіттерді іздеймін. Өсу үшін өте тиімді шарттарым бар, жоғары дәрежелі әрі ұзақ уақытқа арналған жұмыс жобасын ұсынамын. Бой 167 сантиметрден жоғары болуы керек. Жас мөлшері 24-25-ке дейін. Фото мен видеоларды [email protected] (міндетті шарт – қазақтың халық әндерін орындау) поштасына жіберуге болады. Сәттілік тілеймін әрі сіздерді күтемін”, – деп жазды Алмас.
Жіберіп алмаңыз:
Гүлзира Айдарбекова Қайраттың беделін түсіруді ойлағандарға ішіндегі бар мұңын ақтарды (видео)
Шетелде бірге жүрген Кентал мен Мақпалдың жасырын үйленіп алғаны рас па? (видео)
Қытай әншісі Димашқа Бейжің орталығынан дыбыс жазу студиясын сыйлады
Сыныптастар кездесуінде жердің шаңын шығарып билеген Салтанат Бақаева желіні “жарды” (видео)