Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алмас Кішкенбаев әкесі туралы ештеңе білмейтінін айтты

Осыдан біршама уақыт бұрын Алмас Кішкенбаев анасы туралы пост жазып, желідегі оқырмандарының жүрегін ауыртқан болатын. Алмас өзін өмірге әкелген ең жақын жанның сырқаттанып қалғанын, тіпті өзін танымай қалғанын жеткізген еді.

Алмас Кішкенбаев әкесі туралы ештеңе білмейтінін айтты

Әнші отбасы туралы Тимур Балымбетовтің “Шыны керек” бағдарламасында толығымен айтып берді, деп жазады Stan.kz.

“Былтыр осы айда ең үлкен ағам өмірден озған. Содан кейін анамның жағдайы өте нашарлап кетті. Мен Қызылордаға жиі барып тұра алмаймын. Соңғы рет барған кезде мені танымай қалды. Бірақ қазір Құдайға шүкір, жағдайы жақсы. Енді бәрі жақсы болады”, – деді көңілі босаған Алмас.

Кішкенбаев анасы туралы көп айтады. Әр концертінде оған ән арнап, көрерменді жылататыны тағы бар. Алайда әнші осы уақытқа дейін әкесі туралы тіс жарған емес. Шынында Алмас өмірге келуіне себепші болған жан туралы ештеңе білмейтін болып шықты.

“Әкем туралы мүлде ештеңе білмеймін”, – деп ағынан жарылды Кішкенбаев.

Алмас ертеректе әкесі туралы білгісі келгенін, алайда анасынан сұрауға батпағанын айтты. Ал бүгінде бұл сұрақ Кішкенбаевты мүлде мазаламайды екен.

“Қызық болған. Бірақ сұраған емеспін. Мүмкін реті келмеген шығар. Білмеймін сұраған емеспін. Қазір қызық емес”, – дейді Алмас.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алмастың ішімдікке салынып, өзіне қол салмақ болғаны жайында жазған едік. Сондай-ақ, әнші алғаш рет ажырасқанына қатысты пікір білдірді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау