Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Алланың бергені": Аша Матай қысқа бойына қатысты сын айтатындарға жауап берді

Аша Матай сырт келбетіне, бойына қатысты сын айтқан адамдардың әңгімесіне нүкте қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі GAKKU арнасына сілтеме жасап.

Жұлдызды жұп Арман мен Аша көп сыналатынын жасырмайды. Әсіресе, Аша Матайдың сырт келбетіне, бойына, түсінігіне қатысты әртүрлі жағымсыз пікірлер жазылады екен. Жұрттың көбі Арман Қоңырбаевтың сымбатына тамсанып, Аша Матайға үлкен көрінесің деп мін тағады.

"Шыны керек олар бір-біріне сәйкес келмейді. Арман жап-жас, сүйкімді жігіт. Аша оның жанында тәте сияқты, тонна бояқ, бойы да кішкентай", - деп жазды желі қолданушылардың бірі.

Өзіне сын айтатындарға Аша Матайдың өзі жауап берді. Өнер иесі артық сөзге мән бермейтінін, болмысын өзгертуге тырыспайтынын айтты.

"Мен өмірде макияжсыз жүремін. Бар болмысым осы. Алла тағаланың бергені. Мені өмірге әкелгені үшін ата-анама рахмет", - дейді Аша Матай.

Жарының бойынан мін көрмейтін Арман Қоңырбаев жұрттың пікірімен келіспейтінін айтып, қарсылық білдірді. 

"Негізінде Аша өте әдемі. Мүмкін менің тыңдарманым шығар. Маған өкпесі болғаннан кейін, бар ашуын әйелімнен алып жатқан", - деп болжам жасады.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр