Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алланың аты жазылған қысқа белдемшелер мұсылмандардың ашуын келтірді

Redbubble онлайн платформасы Алланың аты жазылған қысқа белдемшелер үшін сынға ұшырады. 

Allanyn_aty

Тәуелсіз суретшілер қысқа белдемшелерге Алланың атын жазған. Олардың бірінде "Аллаға шүкір", "Алласыз мен ешкім емеспін" деп жазылған. Белдемшелер сайтта 25-28 фунтов стерлингке (12000 теңге) сатылды. 

Платформа қолданушылары тауардағы ерсілікті байқап, сын айтты. 

"Мұны көргендеріңіз бар ма? Алланың аты жазылған қысқа белдемшелер. Бұл сіздердің тарапыңыздар жасалған өте ерсі қадам", - деп жазды Twitter қолданушысы. 

"Бұл сіздерге не керек? Ақылға қонбайды". "Бұл осындай миға қонбайтын дүниелер жасайтын компания", - деп жазды енді бірі. 

Redbubble  қолданушларына алғыс айта отырып, тауарды сайттан өшіретіндерін айтты. 

Талқылау