Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлия Телебарисова босанғаннан кейін қалай арықтап жатқанын көрсетті (фото)

Бұл жолы актриса босанғаннан кейін іштің созылған терісін қалай қалпына келтіріп жатқанын көрсетті.

16110402_1206527042757885_3084432859566440448_n

Фото: instagram.com/aliya_anuarbek/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әлия Телебарисова жеке өміріне қатысты ақпараттарды жасыратын жұлдыздардың қатарынан. Мұнымен қатар, күнделікті қандай тағам жегенін, спорт залында немен айналысқанын көрсете бермейтін жан. Алайда бұл жолы ол босанғаннан кейін іштің созылған терісін қалай қалпына келтіріп жатқанын көрсетті.

Актриса қарашаның 20-сы күні қыз бала босанды. Есімін Әмина деп қойды. Жуырда баласын қырқынан шығарып та үлгерді. Әлия арықтау үшін спорттық жаттығулар жасап жүрген жоқ. Оны ол арнайы корсетпен алмастыруды жөн көріпті. Бұл көрсеттер бүгінде жұрт арасында танымал.

16110860_165910630560421_131271977435398144_n

“Ann chery ұсынған сапалы корсеттерді тек осы дүкеннен ала аласыздар. Оны алғаныма қуанып жүрмін. Босанғаннан кейін ең керекті заттардың бірі. Сіздерге рахмет”, – дейді Әлия Телебарисова. Желі қолданушылары актрисаның корсетсіз де мінсіз екенін айтты. Мұнымен қатар, әдеттегідей сұлулығына тамсана қарайтындықтарын жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдар кезекті махаббатымен судың астында кездеспек (фото)

Қабатовтың келіншегі: Күшті де сүйкімді күйеуімді ешбір тоқалмен бөліспеймін

Тұрсынбек Қабатов Алматыға жалғыз кеткен келіншегімен ренжісіп қалды

“KeshYou” тобы әнші Ақботаның орнын басқан қызды көрсетті (фото)

Талқылау