Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлия Телебарисова: Ана мен сәби арасындағы махаббат бірден пайда болмауы мүмкін

Танымал актриса ана мен бала арасындағы ерекше байланыс туралы сөз қозғады. Бұл ерекше байланысты өзі де бірден сезінбеген екен.

17662707_1711404722491484_3946692001444921344_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әлия Телебарисова өткен жылдың қараша айында дүниеге қыз бала алып келді. Перзентінің есімін Алиша деп қойды. Ол ана мен бала арасындағы махабат пен байланысты белгілі бір уақыт өткеннен кейін ғана байқағанын айтып жатыр.

“Алиша дүниеге келе салысымен, оған деген махаббат пен мейірімділікті сезіндім. Ол – мен 9 ай бойы асыға күткен сәбиім. Бірақ ол үшін жанымды қиюға әзір екенімді кейін ғана түсіндім. Бұл пародокс емес. Арадағы ерекше байланыстың пайда болуына сәбиді табиғи сүтіңмен тамақтандыру арқылы, таңертеңгілік “рәсімдер” мен түрлі ойын арқылы жетуге болады. Ана мен сәбидің арасындағы байланысты орнату арқылы жекелеген мақалалар бар.

Сол себепті, бұл ерекше байланысты бірден сезінбеген болсаңыз, алаңдаудың қажеті жоқ. Ол – сіздің өміріңіздегі жаңа адам. Бұрын-соңды онымен таныс болған жоқсыз. Өзіңізге уақыт беріңіз. Кейін оның ерекше биінің, риясыз күлкісінің, әдеттеріндегі өзгерістерінің куәсі боласыз. Ақырында бұл періштенің – сізге берілген ең керемет сый екенін түсінесіз. Барлығы түбегейлі өзгереді. Ең бастысы, жақсы жаққа өзгереді”, – дейді Әлия Телебарисова.

Актриса жуырда алғаш рет сәбиімен шетелге шықты. Ол ыстық ауа райынан тез үйреніп алғандарын айтып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Жүкті кезінде ішін жалаңаштаған Айнұр Ілиясова сынға қалды (фото)

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Рианнаны емес, Димашты таңдаймын

Мөлдір Әуелбекова жақын адамынан зәбір көргенін айтты

Жүрсін Ерман Елбасыға: Айтыс ақындарының арқасынан қағып қойсаңыздар

Талқылау