Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлия Телебарисова алғаш рет қызын шетелге алып шықты (фото)

Әлия Телебарисова дәл қазір Дубайда демалып жатыр. Ол өзімен саяхаттауға алғаш рет қызын алып шықты. Осы орайда, Алишаны жылы ауа райына қалай үйретіп жатқанын бөлісті.

17596678_1638657642812880_306613888445579264_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Борттағылардың барлығы «Батыл жүрек» мультфильмін тамашалап отыр. Біз де олардың қатарына қосылдық. Ұшу кезінде еш қиналмадық. Оған алғаш рет «Тыныста» эфир майын тамыздым. Бір жарым сағат ұйықтады. Қалған уақытта түрлі дыбыстар шығарды. Құдды жылы жаққа бара жатқанын сезіп жатқандай. Дубайда ауа райы аса ыстық емес екен. Бұл бізге де өте қолайлы болды.

17437803_608627345989523_7857517053123493888_n

Алдымен, Алишаны қалай киіндіретінім туралы көп ойландым. Себебі, мұнда ыстық әрі ауа ылғалдылығы өте жоғары. Мен балаларды күн сәулесіне қорғау керектігі туралы ақпаратты оқығанмын. Сол себепті, қызыма денесін толықтай жауып тұратын киімдер кигізуге тырысамын. Арасында аяғын ашық қалдырамын. Жағажайға сағат 10:00-ге дейін, кейін 16:00-ден кейін барамыз. Қалған уақытта көлеңкеде серуендейміз.

17595927_843690759119028_8988613157429706752_n

17662625_1887774258108429_8415401268712833024_n

Оның бұл жерде ұйқысы сондай тыныш. Үнемі таза ауада жүруге тырысамыз. Ғимараттардың ішіндегі желдеткіштер аса ұнамайды. Көлікте отырғанда желдеткіштерді өшіртіп, терезені ашқызамын. Қызымды желдеткішке үйреткім келмейді. Оған бірнеше әдемі бас киім сатып алдық. Жағажайға барарда күннен қорғайтын SPF 50, жай серуендеген кезде SPF 30 кремін жағамыз. Крем құрамында SPF көп болған сайын, құрамында химикаттар да мол екен. Кешке аздап салқын. Міндетті түрде қалыңырақ киіндіремін. Күндіз-түні бас киім киіп жүреді», – Әлия Телебарисова.


Жіберіп алмаңыз:

Бағым Мұхитденова Димаштан кешірім “сұратқызған” басылымды сотқа берді

Мұхтар Тайжан “Нұр Отаннан” Димашты саясатқа араластырмауларын сұрады

Әлемдік басылымда Димаш туралы мақала жарық көрді

Енді қазақстандықтар Димашты тек ғаламтордан көруі мүмкін

Талқылау