Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлия Мергенбаева Назарбаевпен биі жайлы айтып берді

“Қазақстан аруы-2015” Әлия Мергенбаева Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Астанадағы жаңа жылдық кеште билегені жайлы айтып берді.

2e05b2b20d9714a03b3637b6ecd6cd9b

Бұл туралы  “Лада” хабарлайды.

Әлия Мергенбаеваның сөзінше,Мемлекет басшысымен билеймін деп ешқашан ойламапты да. Сол кештегі би үшін қыз екі күн бойы дайындалғанын.

“Билеп жатқанымызда Нұрсұлтан Әбішұлы отбасым мен оқуым жайлы сұрады. Конкурстағы жеңісіммен құттықтап, сәттілік тіледі. Түс көріп жатқандай болдым. Бала кезімде дәл осылай болады деп ойламаған да едім”, – дейді “Қазақстан аруы-2015”.

Мергенбаева оқуын ешқашан тастамайтынын, соңына дейін оқып бітіретінін айтты. Алайда оған Астана мен Алматыдан түрлі фотосессияларға, бағдарламаларға қатысуға шақыртулар жиі келетін болған.

“Оқу кезінде басқа қалаларға қажет болып жатса баратын шығармын, бірақ мен оқуымды тастамаймын. Мен білім алып, дипломымды қолыма алғым келеді”, – деді Мергенбаева.

 

 

Талқылау