Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлия Мергембаева “Әлем аруы” байқауының ақтық кезеңіне өте алмады

Қазақстан аруы Әлия Мергембаева «Әлем аруы-2016» байқауынан шығып қалды. Бұл туралы бойжеткен өзінің желідегі парақшасында хабарлады.

аллия_1

«Қайырлы түн, достар. Бүгін әлем аруының өнер байқауынан топ-20-ға өткен сұлуларымыздын өнерлерін тамашаладық. Өте қызықты және керемет өтті, шынында да қыздар өте сұлу және өнерлі екен», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары Әлияның келесі кезеңге өткен не өтпегенін сұраумен болды. Қазақстан аруы оларға: «Өкінішке қарай, өте алмадым», – деп жауап берді.

Нәтижесінде үздік 10-дыққа Польша, Венгрия, Латвия, Моңғолия, Чили, Хорватия, Мальта, Филиппины, Украина мен Канада елінің арулары кірді.

Айта кетейік, бұған дейін «Мисс Қазақстан-2015» Әлия Мергембаева «Әлем аруы-2016» байқауына дайындалу үшін Вашингтонға аттанған болатын. Бойжеткен таң сәріден дайындыққа кірісетінін айтқан еді. Байқау барысында Қазақстан сұлуы ұлттық аспап домбырамен өнер көрсетіп үлгерді.

Жіберіп алмаңыз:

Жанна Әбуова елдің сүйікті әншісінің тоқалы болып оған ұл туып бергенін мойындады

Есентаеваның «Қазақ аруы» фильмінде басты рөлді 16 жастағы студент сомдайтын болды (видео)

Бүркіт неліктен кезінде ұятсыз бейнебаянға түскенін айтып берді (видео)

“Мисс Қарағанды-2016” байқауының жеңімпазы ауруханаға түсіп қалды

Талқылау