Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алысқа кетіп қалады деп ойламадық": Ақтауда балабақшадан баланың қашып кеткенін байқамаған

16  мамыр күні Ақтаудағы "Бақыт" балабақшасыннан баланың қашып кеткенін байқаған тәрбиеші дереу полицияға хабарлаған. Бұл туралы балабақша директоры Лариса Гурьева айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Балабақша ақтау

Гимназия қызметкерлері баланың жоғалғанын байқаған бойда оны іздеуге шыққан. Балабақша директорының айтуынша, баланы іздеуде қызметкерлер ауданның түкпір-түкпірін қарап шыққан.

"Біз баланың бақшада жоқ екенін білген бойда дереу полицияға хабарладық. Балаларға қарап жатқан қызметкерлерден басқасының барлығы  баланы іздеуге шықты. Біз оны сонша алысқа кетеді деп ойламадық, тіпті, 27-шағынауданнан іздеп, барлық бейнекамераларды қарадық. Содан кейін баланы жүрген жерін полицияға қала тұрғындары хабарлаған, - деп хабарлады Лариса Гурьева. 

Балабақша директоры тәрбиешілердің балаларды қараусыз қалдырмайтынын, қолдарынан жетелеп жүретінін айтады. Тек сол күні бала серуеннен кейін ғимаратқа өзі кіріп, басқа балардың шығып кеткен сәтін пайдаланып, білдіртпей кетіп қалған.

Талқылау