Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлішер жеке өмірі мен сүйіктісіне қатысты соңғы жаңалығымен бөлісті

Әлішер Каримов Астанада өткен ән кешінде жеке өміріне қатысты соңғы жаңалығымен бөлісті. Әрдайым жеке өмірін өлеңге қосқанды жақсы көретін әнші, осы концертте  «Бойдақпын мен» атты су жаңа әнінің тұсауын кесті,-деп жазды Stan.kz  тілшісі.

«Репертуарымдағы әндер кез-келген адамға үміт, жаңа өмір, махаббат сыйлауға арналған. Соңғы кезде мен туралы ел аузында түрлі сөз тарап жүр. Әсіресе, әлеуметтік желіге  жағымды-жағымсыз пікірлер көп келеді. Әрбір айтылған сөз менің жүрегіме қатты батады.

Анам айтады: «Махаббатпен дүниеге келген бала – басқаша болады» деп. Ал, мен өз махаббатымды әлі таппадым»,- көпшілік көкейінде жүрген сауалға, Әлішер, міне, осылайша нүкте қойғандай болды.

Айта кетейік, «Қазақстан» орталық концерт залына жиналған тыңдарман жанды дауыста ән тыңдап қана қоймай, талантты әншіні дүниеге әкелген оның ата-анасымен де танысып, көзайым болды.

Сондай-ақ, ерекше дауысты эстрада жұлдызын: Жеңіс Ысқақова, Бағдат Самединова, Тамара Асар,  Алмас Кішкенбаев секілді өнерде жүрген әріптестері Алматыдан арнайы келіп, қолдау көрсетті.

«Астананың көрермені тым талғампаз. Сол үшін бұл концертке үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Сахна дизайнынан бастап, кеш жүргізушісіне дейін жоғары сапалы мамандар жұмылдырылды»,-дейді кештің қоюшы режиссері Алтынбек Рахметов.

Ал, әнші администраторы Азамат мырзаның сөзіне сенсек, ел шулатарлық жарнамасы болмаса да, осы кешті көруге ынтық көрермен Семей, Ақтау, Қызылорда қалаларынан арнайы келіпті.

Кештің тағы бір ерекшелігі, Әлішер өзі жазған әндерін тыңдарманға жас әншілердің орындауында ұсынды.

Бұл ретте, «I am a singer» жобасының қатысушысы,  аталмыш жобада Алишердің өте қатал қазылардың бірі болғанын айтып қалды, тілшіге берген сұқбатында.

«Ол нағыз кәсіби маман. Әрі өз ойын тура айтатын мінезі ұнайды. Ол сын айтса, қуанатынмын сол жобада. Себебі, ол оны жаман болсын деп айтпайды. Жоба қатысушылары Әлішердің қатал мінезінен сескенетін.

Десе де, өз басым, оның ағалық кеңестерінің арқасында көп тәжіриебе жинадым.  Осы концертке шақыру алып, Алишердің әнін орындау мен үшін үлкен құрмет» дейді, сахнада енді танылып келе жатқан әнші Жарқынай Ханайым.

Оқи отырыңыз:

Мадияр Әшкеев доминикандық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді (видео)

Ойын кезінде қарсыласы 16 жастағы қақпашының мойнын конькимен тіліп жіберді

Ниязбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды 

Алматы облысының тұрғыны күйеуі 70 жасқа толғанда бесінші тоқал алып бермек

 

 

 

 

 

 

Талқылау