Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлішер лабутен туфлиі мен ешкімде жоқ шалбарын көрсетіп мақтанды (фото)

Әлішер Кәрімов лабутен туфлиі мен ешкімде жоқ шалбарын көрсетіп жұртты қызықтырып қойды.

12816955_571549196328153_188005720_n

Фото: instagram.com/alisher_k/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Директоры Азамат Ешматов әншінің түрлі жаңалықтарын желіде бөлісіп отырады. Ол Әлішерді мақтауда алдына жан салмайды. Тіпті, отандық бағдарламалардың бірінен тойды таңдап жүріп баратынын, әр концертке 4 мың долларлық костюм киіп шығатынын айтқан болатын.

Бүгін Әлішер Кәрімов осы сөздердің растығын дәлелдегісі келгендей. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына лабутен туфлиі мен қымбат шалбарының суретін салып бір мақтанып алды. Суретінің тұсына “Лабутен мен тамаша шалбар киіп алдым” деп жазып қойған.

13696541_185452701872178_1243164356_n

Мұндайда сынның астына қалдыратын желі қолданушылары бұл жолы әншіге тиіспеді. Керісінше оның талғамының жоғары екенін айтып, ерекше қошемет білдірді.

“Сен ерекше әншісің!”, “Әлішер, жарайсың!”, “Дизайны өте керемет жасалған”, “Қазақстанның ең стильді артисісің. Осы бетіңнен тайма!”, “Нағыз әншіге лайық туфли ғой бұл” дейді желі қолданушылары. Мұнымен қатар, тыңдармандарының бірі түсінде Әлішердің қалыңдық таңдап жүргенін айтып қалды. Ал бұл тақырыпқа қатысты Әлішердің өзі осы күнге дейін ашып ешнәрсе айтпаған.


Жіберіп алмаңыз:

Әлішер Кәрімов шетелде сүйіктісімен бірге демалып жатыр (фото)

Әлішер Кәрімов кезекті бейнебаянын анасына арнады (видео)

Әлішер Кәрімов “Ла ла ла” атты су жаңа бейнебаянын ұсынды (видео)

Исабекова мен Әлішер Кәрімов көңіл қосты ма

Талқылау