Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлішер Каримов тыңдармандарын екі жаңалығымен қуантты

Соңғы кездері концерттерден сирек көрініп, өнерден алыстаған әнші Әлішер Каримов халық алдына маңызды жаңалығымен оралды. Бұл жолы оның бір емес, ауыз толтырып айтар екі жаңалығы бар.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші өзінің инстаграмдағы парақшасында ҚР Тұңғыш Президент марапатына ие болғандығы туралы жазып, өнерін бағалаған жандарға алғыс айтты. Бұл туралы “Бүгін мен үшін өте маңызды күн! … Бірлігіміз жарасқан елде бұл үлкен дәлел! Еліміз аман болсын, өнерді бағалаған”, – деп жазып, аталған марапатқа ие болғаны үшін өте қуанышты екенін жеткізді.

Мұнымен қатар, алдағы уақытта “Ла ла ла” атты әнге түсірген бейнебаяны жарық көретіні туралы хабарлады.

1

Естеріңізде болса, осыған дейін Әлішер Каримовтың сұңғақ бойына бола ұялатындығы туралы жазған болатынбыз.

Талқылау