Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алып қашып, аузына коньяк құйған: Шымкентте жас қызды зорлады деген жігіт қызбен татуласты

Шымкентте қызды алып қашып, аузына коньяк құйып, зорлап, өзіне қол жұмсауға мәжбүрледі деп айыпталған Сұлтан Әбдуманап жәбірленушімен татуласты. Сот оларды екі жақты келісімге шақырып, медиация тәртібімен татуластырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне жәбірленуші тараптың өкілі Еркін Қаһаров хабарлады.

Алып қашып, аузына коньяк құйған: Шымкентте жас қызды зорлады деген жігіт ақталып шықты

Еркін Қаһарұлының сөзінше, Сұлтан Әбдуманап сот отырысында қыздан кешірім сұраған. Жәбірленген қыз бен оның ата-анасы айыпталушыға кешірім берді. Нәтижесінде екі тарап татуласып, келісімге келді. 

Сот Сұлтан Әбдуманапты кінәлі деп танып, қызға емі үшін ай сайын 90 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. 

Еске сала кетсек, өз еркінен тыс күйеуге шыққысы келмей, үшінші қабаттан секірген 19 жастағы Аружан есімді қыздың жантүршігерлік оқиғасы қазақстандықтарды бейжай қалдырмаған еді. Қазақстандықтар үйленуге мәжбүрлеген жігіттің жазалануын талап етті.  

Алайда Сұлтанның анасы ұлына жалған жаланың тағылғанына сенімді болған еді. Оның айтуы бойынша, Аружан жігітке өз еркімен тұрмысқа шыққысы келген. Сонымен қатар анасы қыз тарапының мақсаты ақша табу екенін айтты. Олар жігіттің ата-анасынан 3 млн теңге талап еткен көрінеді. 

Оқиғадан кейін аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабына сәйкес (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр