Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлімжеттік әрекет әскерде ғана емес балабақшаға да жетті

Әлімжеттік әрекет әскерде ғана емес балабақшаға да жетті. Тараздағы №1 балабақшада небәрі екі жастағы бүлдіршін көк ала қойдай сабалған. Кішкентай Артемнің  анасы баласының өлім аузынан қалғанын айтады. Әбден таяқ жеген бала басын көрпеге бүркеніп жатқан жерінен табылған. Ала, Артемға “саусағымыздың ұшын  да тигізбедік” деп ант-суын ішкен тәрбиешілер,  баланы  ұрған біз емес дейді. Айтуларынша, екі жастағы бүлдіршінді тепкілеген ересек топтың алты жастағы баласы.

l-104413

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Көзі көгеріп, құлақ шекесі мен бет-аузы түгел қанталаған көрініс төрт күн бұрын болған. Десе де жарақат ізі әлі жазылмапты. Соған қарап Артемнің ата-анасы баласы аяусыз соққының астында қалғанына сенімді. Сол күннен бері жиі жылауды шығарған бүлдіршін, түні бойы тыпыршып шошып оянатын болды дейді анасы. Ал бала өзіне жәбір көрсетуі мүмкін адамның есімін жатқа біледі екен.

«Әрине тәрбиеші кінәлі? Қарамаған, байқамаған. Болған жайды балабақша басшылығы тек болжап айтады. Өйткені тәрбиешісінің өзі оқыс оқиға туралы әр қилы түсінік берді,- дейді ата-ана. Артемнің анасының айтуынша, ересек топтағы алты жасар бала ұлын жатын бөлмеге апарып соққыға жығуы мүмкін», – дейді Тараз қалалық №1 бала-бақшасының әдіскері Фатима Ахметова.

«Түс әлетінде телефоныма осы балабақшаның «Күн шуақ» тобында оқыс оқиға болғаны жайында тәрбиеші хабарласып тұтқаны қоя салды. Жанұшыра жеткенімде баламның бет-аузында сау жері қалмағанын көрдім. Тәрбиеші түскі аста Артемді таппай қалғанын айтты. Келесі жатын бөлмеде басын бүркеніп, көрпеге тығылған күйінде тауып алыпты», – дейді Артемның анасы Ольга Андронова.

Артемнің анасы бұл жағдай әлдеқайда ерте болғанына сенімді. Өзін болған іс болып, бояуы сіңген соң ғана шақырған дейді. Балабақша қызметкерлерінің жедел жәрдем шақырдық деп жалған айтқанына ашынады. Ал тәртіп сақшыларының әрекеті тіпті ызасын тудырған. Істі тергеудің орнына, жылы жауып қоюға жата-жастанып жалбарынды,- дейді. Оқыс жайттан соң аяқ асты бүлдіршіндер үйінің меңгерушісі еңбек демалысына шығып кетсе, тәрбиеші денсаулығына байланысты келуді қойыпты. Ал алты жастағы баланың кіші топта не істеп жүргені сол күйі белгісіз.

«Оны маған да айтпаған, меңгерушіге де айтпаган. Өзім білемділікке салған.

Артемнің анасы сала мамандарының салғырттығынан балам психологиялық соққы алды дейді. Басқа баланың басында қайталанбас үшін жауаптылардың жұмыстан кетуін талап етеді. Қазір бұл іспен прокуратура айналысуда», – дейді әдіскер Фатима Ахметова.

Талқылау