Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алимент төлемей жүрген әкелер қамауға алына бастады

Астанада жиырмадан астам адам қамауға алынды. Олар туған перзентіне алимент төлемей, жауапкершіліктен жалтарғаны үшін осындай жағдайға ұшырап отыр.

ba4e7a9f459106369a31

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Алматы ауданының прокурорлары Әділет басқармасымен бірлесіп «Өз балаңа көмектес» атты шара өткізді. Оның аясында жалпы сомасы миллион теңгеден астам қаржы өндіру көзделген.

Балаларына уақытылы алимент төлемейтіндерді анықтау үшін құрылған топ кезекті тексерісін бастады. Алайда, туған перзентінен теріс айналған әкелер мен олардың отбасы мүшелері құқық қорғау қызметкерлерінің келгеніне  қуана қоймады.

Осы квартирада тұрады күйеуіңіз. Дұрыс па? Сіз екінші әйелісіз?

-Қандай рұқсат алдыңыздар мені түсіруге?

Алматы ауданының прокурорлары мен сот орындаушылар мұндай форматтағы акцияны алғаш өткізіп отырған жоқ. Жауапсыз әкелерді табу қиынның қиыны, әйтсе де нәтиже жаман емес.

“Бір апта ішінде жүздеген мекен-жайларды аралап шықтық. Бірлесіп, нәтижесінде 20 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Одан бөлек борышкерлер тарапынан алимент төлемдерін ішінара төлеу деректері кездесіп жатыр. Алимент өндіріліп жатыр. Онымен қоса борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары жалғасуда”, – дейді Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры ШыңғысӨтеміс.

Жиналып қалған қомақты қарызын төлемей жүргендердің туыстары көбіне олардың жауапсыз әрекетінен бейхабар болып жатады. Сондықтан барынша қорғауға ұмтылады. Заң аясында міндеттелген талапты орындамайтын жандардың түрлі айлаға баратыны жасырын емес. Оларды жауапкершілікке тартудың да амалдары бар, – дейді сот орындаушылар.

“Әкімшілік полиция басқармасына борышкерлердің көлігін тоқтату туралы ақпаратты жібереміз. Осыдан кейін көлік айып тұрағына қойылады. Егер иесі алиментін төлейтін болса, техника қайтарылады. Кей жағдайда көлік сатылып өндірілген қаржы арызданушыға беріледі. Айыптылар мұндайға да келісіп жатады”, – дейді Астана қалалық әділет департаменті алимент төлемдерін өндіру бөлімінің сот орындаушысы Айдана Жылқыбаева.

Тексеру өткізілген 3 аптада құқық қорғаушылар жүздеген мекен жайға бас сұқты. Алимент төлемеген 23 адам қамауға алынған. Олар 5-8 күн аралығында темір тордың ар жағында отырады. Қазір Әділет басқармасының қарауында 8 мыңға жуық іс жатыр. Ал қарыздың көлемі 180 миллион теңге көлемінде. Прокурорлар жауапкершіліктен қашқан әрбір әкені тауып, жазаға  тартуға мүдделі. Ал “екі қолға бір күрек таппай жүрмін” деп сылтау айтқандарды Астанадағы ірі құрылыс нысандарында жұмыс істеуге міндеттемек.

Жіберіп алмаңыз:

Экс-әкім Ахмедбек Ахметжановтың көліктеріне іздеу салынды

Алдағы уақытта банктер қарызды күштеп қайтарып алуы мүмкін

Ақтауда үш адамды өлімнен құтқардым деген сарбаз сот алдында жауап беріп жатыр

Шымкентте зейнетақысын ала алмаған Назарбаев ақсақал қайыр сұрап күнелтіп жүр

Есімін жасырған азамат мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй мен көлік сыйлады (фото)

Талқылау