Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алимент көлемін қайта қарастыру ұсынылды

Үйлестіру кеңесінің отырысында сөз сөйлеген бас прокурор Жақып Асанов алименттерді өндіріп алу проблемасы төңірегіндегі жағдай туралы айтты.

muzh_ne_platit_alimenty_1

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

«Елімізде 5 миллионнан астам бала бар. Бұл – халықтың үштен бір бөлігі. Балалар үйінде 32 мың жетім бала бар, олардың 70%-ның ата-аналары бар. 350 мыңнан астам бала алиментке мұқтаж. Бүгінгі күні алименттер бойынша қарыз – 1,8 млрд теңге. Сараң әкелер алимент төлегісі келмегендіктен, өз балаларынан жасырынады. Табыстарын төмендетіп көрсетеді», – деді Жақып Асанов.

Осы ретте еліміздің Бас прокуратурасы балалардың жас мөлшеріне байланысты алименттің нақты бағасын реттеуді де ұсынып отыр.

Бұл сұрақ бойынша еліміздегі жағдай өте күрделі. Бүгінде ер адамдардың алимент төлеу жағдайы олардың табыс мөлшеріне байланысты. Ал олар болса түрлі қулық арқылы, өз табыстарын жасыруға тырысады екен. Сол себепті Бас прокуратура алименттің базалық сомасы бекітілуі тиіс деп отыр.

“Алимент төлеудің аталған жүйесі 1936 жылдан бері қолданылып келеді. Өте ескі. Біз бұл процестен кетуіміз керек. Мәселен Германияда басқаша: оларда балалар 11 категорияға бөлінеді. Алимент мөлшері баланың жасына тікелей тәуелді”, – деді бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель.

Алимент төлемей жүргендердің көбісі, есірткі мен арақтың буына түскендер екен. Бас прокуратура оларды мәжбүрлі жұмыстар арқылы жазалау тиіс дейді. Осы ретте Меркель қылмыстық кодекске “мәжбүрлі жұмыс” деп аталатын жаңа жаза түрін енгізуді де ұсынды.

Бұған дейін Астанада алимент төлеуден қашып жүрген әкелердің құрылысқа жегілетіні туралы ақпарат пайда болған еді. Сондай-ақ, сайтта күйеуі алимент төлемейтін жалғызбасты ананың өмірі жайлы ролик те жарияланған. 

Талқылау