Қазақстанда алимент көлемін қайта қарастыру ұсынылды

Сейсенбі, 4 Қазан , 2016 18:50

Үйлестіру кеңесінің отырысында сөз сөйлеген бас прокурор Жақып Асанов алименттерді өндіріп алу проблемасы төңірегіндегі жағдай туралы айтты.

muzh_ne_platit_alimenty_1

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

«Елімізде 5 миллионнан астам бала бар. Бұл – халықтың үштен бір бөлігі. Балалар үйінде 32 мың жетім бала бар, олардың 70%-ның ата-аналары бар. 350 мыңнан астам бала алиментке мұқтаж. Бүгінгі күні алименттер бойынша қарыз – 1,8 млрд теңге. Сараң әкелер алимент төлегісі келмегендіктен, өз балаларынан жасырынады. Табыстарын төмендетіп көрсетеді», – деді Жақып Асанов.

Осы ретте еліміздің Бас прокуратурасы балалардың жас мөлшеріне байланысты алименттің нақты бағасын реттеуді де ұсынып отыр.

Бұл сұрақ бойынша еліміздегі жағдай өте күрделі. Бүгінде ер адамдардың алимент төлеу жағдайы олардың табыс мөлшеріне байланысты. Ал олар болса түрлі қулық арқылы, өз табыстарын жасыруға тырысады екен. Сол себепті Бас прокуратура алименттің базалық сомасы бекітілуі тиіс деп отыр.

“Алимент төлеудің аталған жүйесі 1936 жылдан бері қолданылып келеді. Өте ескі. Біз бұл процестен кетуіміз керек. Мәселен Германияда басқаша: оларда балалар 11 категорияға бөлінеді. Алимент мөлшері баланың жасына тікелей тәуелді”, – деді бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель.

Алимент төлемей жүргендердің көбісі, есірткі мен арақтың буына түскендер екен. Бас прокуратура оларды мәжбүрлі жұмыстар арқылы жазалау тиіс дейді. Осы ретте Меркель қылмыстық кодекске “мәжбүрлі жұмыс” деп аталатын жаңа жаза түрін енгізуді де ұсынды.

Бұған дейін Астанада алимент төлеуден қашып жүрген әкелердің құрылысқа жегілетіні туралы ақпарат пайда болған еді. Сондай-ақ, сайтта күйеуі алимент төлемейтін жалғызбасты ананың өмірі жайлы ролик те жарияланған. 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Anonymous says:

    КҮЙЕУЛЕРІНЕН ӘДЕЙІ АЖЫРАСЫП АЛЫП АЛИМЕНТКЕ БЕРІП ОТЫРГАН АЙЕЛДЕР ҮШІН ЖАЗА ЖОКПА СОНДА

  • Анонимно says:

    Жогарыдагы министрлер не карап отыр сол айелдерге де зан шыгарса ажыраспас еды деп ойлаймын казыргы жастар женылтек карайды киыншылык кормеген шыдай алмай ажырасып отырады

  • Анонимно says:

    Басқаға уйленіп бала шағалы болсада төлеуге міндеттіма азайтып төлеу керек

  • Анонимно Сәлеметсіздерме! says:

    Сәлеметсіздерме! Алимент бойынша өзгерістер қабылдауын мен де өте дұрыс шешім деп білемін. Өйткені мен де жалғызбасты анамын! Отбасы боларда түрлі ертегілерше уәделерді беріп үйленді де, жарты жыл болмай отбасымыз бұзылды. Ортамызда күнәсі жоқ сәби қалды. Оны әкесі болып еш ойламайды. Басқаға үйленді. Оңай жолмен өмір сүруде. Алиментке келгенде қашып, әкелік міндетінен безеді. Ол қандай әке?! Өз балапанынан қашады, ұрпағынан безеді, қазағымның қаны неге айналып бара жатқанын түсінбеймін! Беті жылтырағанға мәз болып барса, оның келешегі не болмақ?Ер азаматтарымыз өте ұсақталып бара жатқандай!!! Намысы бар нағыз қазақ жігіттері қайда? Неге балаларын шырылдатып тастап кетеді?Жетім өскен баланың өмірі алдағы уақытта қандай болмақ??? Өскенде ол кім болмақ???Мейірімсіз, жылу көрмеген шапағатсыз, ұры-қары, жаман жолға түсу т.б. дегендей әдеттерге жақын болуына әкеліп соқпайма??? Әрине беті аулақ болсын! Сондықтанда Осындай отбасылар бұзылмайтындай, балалары жетім болып қалмайтындай шаралар қолдану керек деп білемін! Заңды өте қатты күшейту керек!!!

  • Анонимно says:

    Оте дурыс. Косыламын.

  • Анонимно says:

    Алимент туралы өзгерістер енгізгені өте дұрыс шешім !Себебі,қазіргі кезде еркеектер жауапкершіліктен қашады.Алимент өндіру менің өз басымда бар. Борышкер тұрақты жұмыс істемей,алиментке жазсам болды,жұмысын лезде айырбастап жибереді.Заң қатал болса,борышкерлер де қашып құтыла алмайды. Өз баласынан қашып,асырап сақтауға қауқары жетпей,ауырдың үстімен,жеңілдің астымен жүретін еркектен не қайыр?/Көпшілікке топырақ шашудан аулақпын,азаматтар бәрі бірдей емес.Десе де,арасынан осындай көкек азаматтар бар/

    • Анонимно says:

      Сол алимент ди бергенше айелдердыде жазалау керек олор от басы болам деп турмыс курат шыдай алмай тылдерыне ие болалмай ажырамып жатат казыргы кыздардын кобысы ажырасуга умтылып турат

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар