Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлімбекованың адвокаты: Назарова әншілер жинап берген ақшаны қанағат тұтпай, 16 миллион теңге талап етті

Гауһар Әлімбекованың адвокаты бұған дейін кесілген үкімді негізсіз деп санайды. Сотта сөз сөйлеген Шынқуат Байжанов Әлімбекованың да алаяқ Ордабаеваға алданып қалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол жәбірленуші Бақыт Назаровамен кездесіп, оған әншілер жинап берген 8 миллион теңгені ұсынғанын жоққа шығармай айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі сот залынан. 

Әлімбекованың адвокаты: Назарова әншілер жинап берген ақшаны қанағат тұтпай, 16 миллион теңге талап етті

"Қылмыстық Кодекстің 23-бабы бар. Егер әрекетті жасаған адам өз әрекеттерінің қоғамға қауіптілігін ұғынбаған болса, істің мән-жайын ұғына алмаған болса, қоғамға тигізер зардаптарын алдын ала болжап білмеген болса, іс-әрекет кінәсіздікпен жасалған деп танылады. Мен Әлімбекованың әрекетін кінәсіздікпен жасалған деп есептеймін", - деді адвокат сотта. 

Шынқуат Байжановтың сөзіне қарағанда, 2013 жылы Әлімбекова Ордабаеваның арам пиғылын білмеген. Таныстарына пәтер алып беру үшін 100 мың АҚШ долларын жинап берген.

"Ордабаева кешегі сотта өз кінәсін мойындамады. Назарова Әлімбекованың өзі секілді жәбірленуші екенін біледі. Әлімбекова ән айтады, ақша тауып береді деп Назарова оның үстінен арыз жазған.

Назарова Әлімбекованың қылмысын дәлелдеу өте қиын екенін біліп, оның айтқан сөздерін 2 жыл бойы аудиоға жазып жүрген. Әлімбекова білмейді, Назарованы құрбым деп ойлап жүрген", - дейді адвокат.

Сөзіне қарағанда, тергеушілер аудиожазбаның заңсыз дәлелдеме екенін ескерместен, оған сараптама жасаған. Оны дәлел есебінде іс материалдарына қосқан. 

"Оны айтпасам да болар еді. Бірақ сот осы аудиотаспаға сілтеме жасайды. Мен аудиотаспаны түгелдей оқып шықтым. Әрбір сөзіне мән беріп, зерттеп қарадым. 

Оның ішінде Әлімбекованың кінәсін дәлелдейтін ешқандай сөз таба алмадым. "Кешір, мен алдандым, білмей қалдым" деген сөздер жоқ. Керісінше Әлімбекова өзінің де алданып қалғанын, Ордабаеваның арам пиғылын білмей қалғанын қайта-қайта айтып отырады. Бірақ адамгершілігі күшті, сезімтал. Өнер адамдарының бәрі сондай ғой. Назарованы аяп, өзі де қатты бай адам емес. Сонда да біраз уақыт бойы ақша беріп отырған", - дейді Байжанов.

"Әлімбекова "менің ешқандай кінәм жоқ, беретін ақшам да жоқ. Екіншіден, өзім алданып қалған адаммын, ақша беруге міндетті емеспін" деп айтты. Дегенмен де әншілер қауымы ақша жинады. "Жігіттер" тобының продюсері, Ақбота (ред. Керімбекова) дейтін әнші бар. Сол екеуі қолқа салғаннан кейін кафеде кездестік. Арғы жағында Назарова адвокатпен отырды, бергі жағында біз үшеуміз отырдық. 

Кінәсі болмаса да, 8 миллионды алыңыз да, ақшаны алдым деп жазбай-ақ қойыңыз, бірақ басқа ешқандай талап-тілегім жоқ деп жазыңыз дедім. Қалған ақшаны Ордабаевадан өндіріп аласыз дедім. Ол кісі "жоқ, маған 16 миллиондай ақша бер" деді", - дейді Шынқуат Байжанов. 

Сөз соңында адвокат 2019 жылдың 30 қаңтарында қабылданған үкімді заңсыз деп тануды, әнші Гауһар Әлімбековаға қатысты ақтау үкімін шығаруды сұрады. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр