Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлімбекованы сотқа берген экс-құрбысы әншілер жинап берген 7 миллион теңгені алудан бас тартқан

Той тойлап жүрген Гауһарға шоу-бизнес өкілдері де қолдау көрсетіп ақша жинаған болатын. Өйткені, жәбірленуші Назарова "Әлімбекова 40 мың доллар ақшамды қайтарса, кешірім беремін" деген еді. Алайда, Бақыт әнші қауымы жинаған ақшаны қанағат тұтпаған дейді Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында.   

Әлімбекованы сотқа берген экс-құрбысы әншілер жинап берген 7 миллион теңгені алудан бас тарқан

«Жиында Ақбота Керімбекова болды, Әбдірайымов отырды. Артынан Шынқуат Байжанов келді. Адвокат. Одан кейін өздері 7 миллион жинап қойғанын айтып, осыны алсаңыз деген ұсыныс жасады. Жинаған қаражатымыз осы болып тұр деді. Ал, Шынқуат Байжанов болса, өз тарапынан бұл сот әділ сот болмады. Дұрыс жасамады.14 миллион ақшаны Ордабаева мен Әлімбековаға қатар бөліну керек еді. Мынау Әлімбекованың үлесі деп алып, енді осыған риза болыңыз деп маған дауыс көтеріп, кішкене қысым жасады. Мен оның дауыс көтергенінен сабырлық жасадым да, бұл ақшаны алудан бас тарттым», - дейді жәбірленуші Бақыт Назарова.  

Гауһардың қорғаушысы Шынқуат Байжанов эмоцияға берілгенім болмаса, ешқандай да қысым жасаған жоқпын деп ағынан жарылды.  

«Оның адвокаты отырды. Кафенің ішінде официанттар отырды. Менің қасымда жаңағы артистер отырды. Ол столдың арғы бетінде, мен столдың бергі бетінде отырмын. Стол кең. Ол жерде бір-бірімізге қысым жасайтын жер жоқ. Мен заңгер ретінде былай деп айттым, егер де сіз 8 миллион теңгені алмай неге соншама сенімді отырсыз деп. Егер Гауһар ақталып кетсе, сіз өзіңіздің қылмыстық жауапкершілікке тартылатыныңызды неге ойламайсыз. Неге сіз соншама сенімдісіз дедім», - дейді Әлімбекованың қорғаушысы Шынқуат Байжанов. 

Алматының Алмалы аудандық сотында алаяқтық ісі дәлелденіп алты жылға бас бостандығынан айырылған әнші Гауһар Әлімбекованың ісі сәуір айында қайта қаралатын болады. Аппеляциялық шағым түсіріп, қазір бостандықта жүрген әнші үйінде қолын емдетіп жатыр екен. Әншінің қорғаушысы сот процесінде Гауһарды барынша ақтап алуға тырыспақ. Ал, үш бірдей несие төлеп отырған Бақыт Назарова болса, әділдікке жетпей тынбаймын деп отыр.  

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр