Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлима Көпейдің арқасында қосылған ғашықтардың хикаясы елдің жүрегін елжіретті

Әлима Көпейдің басынан өткен ауыр жағдай екі ғашықтың қосылуына себеп болды. Гүл сатумен айналысатын бойжеткен осы хикаяның арқасында сүйіктісін кездестіріп, ендігі тұрмысқа шығуға дайындалып жатыр. Дана есімді қыздың хикаясын Әлиманың анасы баяндады, деп хабарлайды Stan.kz.

Әлима Көпейдің арқасында қосылған ғашықтардың хикаясы елдің жүрегін елжіретті

Бойжеткен ара-тұра гүл сататын дүкенінде аукцион ұйымдастырып, одан түскен пайданы қайырымдылыққа жұмсап келген. Күндердің күнінде Әлиманың хикаясына тап болған ол кішкентай қызға көмектеспек болады. Сол үшін аукцион ұйымдастырады.

“Ақыр соңында жас жігіт жеңіске жетті, ол туралы ештеңе білмейтін едім. Ол сіздердің карталарыңызға ақша жіберіп, әзірге гүлді керек етпейтінін айтып, жоғалып кетті. Арада бір айдай өткен соң әпкесіне гүл жібермек болып хабарласты. Әңгіме барысында екеуміз де күле бастадық, сол кезде оның бойындағы бір қасиет мені қызықтырды”, – деп жалғады әңгімесін Дана.

Тағы бір аптадан кейін жігіт гүлге тапсырыс беріп, бұл жолы оны Дананың өзіне сыйлаған. Кездесуге ниет білдірген.

“Оны алғаш рет сол кезде көрдім. Сенбейтін шығарсыздар, бірақ бұл бір көргеннен пайда болған махаббат еді. Бәрі сондай жақсы басталды, екеуміз жүре бастадық. Әрине, қарым-қатынас түзу оңай болған жоқ, себебі арамызда қашықтық болды. Бірақ дегенмен екеумізді табыстырған Жаратқанға шексіз ризамын. Бәрі сіздердің қыздарыңыздың арқасында”, – дейді бойжеткен.

Ал осыдан бір ай бұрын жігіт Данаға үйлену туралы ұсыныс білдірген. Екі жастың тойы алдағы жаз мезгіліне жоспарланып отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр