Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлихан неге асық ұстап тұр: Танымал мүсінші Алаш арысына қойылған ескерткіштің құпиясын ашты

22 қыркүйек күні Семей қаласында Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш Орданың» көсемі Әлихан Бөкейхановқа арналып ескерткіш орнатылған болатын. Бір қызығы осы ескерткіш мүсінде Алаш алыбы қолына асық ұстап тұр.

Бұл туралы Stan.kz жазады.

Белгілі мүсінді, дәл осы ескерткіштің авторы Бақытбек Мұхаметжанов Әлихан Бөкейхановтың қолындағы асықтың бейнеленуін үш түрлі сипатта қабылдауға болатынын айтады.

«Біріншіден асық ‒ қазақ халқына тән дәстүрлі ойындардың бір түрі. Өнер, спорт, тәрбие құралы. Асық баланы мергендікке, ептілікке баулиды. Екіншіден, қазақ халқы ежелден мал шаруашылғын кәсіп көзі ретінде де, күнкөріс көзі ретінде де пайдаланған. Бұл жағдайда асық қазақ болмысын бейнелейді. Үшіншіден, қазақта алыс сапарға жол жүрмекші болған жолаушыға сәттілік тілеу мақсатында, саяси, әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде оңтайлы шешім тапсын деген оймен, жақсылық тілеуші ретінде «асығың алшысынан түссін» деген салмағы да ауыр, киелі, әрі бата іспеттес сөзбен шығарып салған. Әлихан атамыз бұл мүсінде:  «алаштың тағдыры оңтайлы шешіліп, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізсін, ұрпақтарымыз жарқын өмір сүрсін»  деген ой үстінде тұр», – дейді мүсінші.

Айта кетер тағы бір жәйт, мүсінші Бақытбек Мұхаметжанов жақында ғана Атырау қаласында ашылған «ДосМұқасан» ескерткішінің де авторы.

Жіберіп алмаңыз:

Украинада қазақстандық журналист Жанар Ахмет ұсталды

Депортациядан қорыққан ана екі ұлын суға батырып жіберді

Теміртауда күйеуін пышақтап өлтірген әйел абақтыда асылып қалды

Алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауып, аяз болады

Талқылау