Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алик Шпекбаев атағын шығару үшін тойды жәрмеңке құсап өткізетін шенеуніктерді сынап тастады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының басшысы Алик Шпекбаев Facebook парақшасында мемлекеттік қызметкердің қандай болу керек екенін сипаттап, атақ үшін дүркіретіп той өткізетін шенеуніктерді сынап жазба қалдырды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алик Шпекбаев атағын шығару үшін тойды жәрмеңке құсап өткізетін шенеуніктерді сынап тастады

Ол мерекені жәрмеңкеге айналдырып, шашылып той жасамауға кеңес берді.

Шпекбаев әр адам, мемлекееттік қызметкерлер кішіпейіл болу керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, кішіпейілділік- мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлықының негізгі стандарттарының бірі.

«2015 жылдан бері этикалық бұзушылықтардың 40% -ға төмендегеніне қарамастан, кейбір мемлекеттік қызметкерлердің әлі күнге дейін дүркіретіп ең бастысы, сол мерекені үйлену тойы немесе мерейтой, туған күн секілді шашылып, ұлан асыр той етіп мерекелеп жатқандарын көріп отырмыз. Тіпті, нәзірдің өзі «жоғары деңгейде» өтуі керек ақсүйектердің іс-шарасы болып кетті»,-дейді Алик Шпекпаев.

Сондай-ақ, ол жиі дүркіретіп өткізілкен үлкен тойлардың видеоларын көріп қалатынын және сондай тойлардың иесі қандай да бір аймақтың басшылары болып шығатынына қынжылды.

«Зал толған гүл, шақырылған қонақтың саны 500-600 адамға жететін тойлардың видеосын жіберіп жатады. Кейінірек, ол той қандай да бір аймақ басшысының қызының немесе ұлының тойы болып шығады»,- деді ол.

Ал мұндай видеолар желіге тарағаннан кейін қоғам арасында көптеген сұрақтар туындайтыны белгілі. Шпекпаевтың сөзінше, осыдан кейін халықтың «осылар ақшаны қайдан алады екен?» деген сөзі өте орынды.

Шпекпаев сондай-ақ, басшыларды қойғанда, қатардағы мемлекеттік қызметшілерге дейін дүркіретіп той жасауға бейім деп сынға алды.

«Құрметті мемлекеттік қызметшілер өзгеру қажет. Қарапайым болыңыздар»,- деп қорытындылады сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының басшысы Алик Шпекбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау