Әли Оқапов үйленетінін естірткен кезде анасының не дегенін айтып берді

Жұма, 25 Қараша , 2016 14:23

Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваға үйленгісі келетінін, жуық арада бір қызбен таныстырғысы келетінін айтқан. Әнші сол сәтте анасының қандай жауап бергенін әңгімелеп берді.

окапов_16

Әли Оқапов пен Роза Рымбаева «Түнгі студия» бағдарламасына бірге қатысты. Сонда Нұрлан Қоянбаев халық әртісінің қашан келін түсіретінін сұраса керек-ті.

«Ар жағынан бастадым. «Мама, Шыңғыс деген досым бар, Жанна Саттарованың ұлы. Сол үйленді, бір қызы бар, бұйырса екінші баласы дүниеге келеді. Анау досым да үйленді деп бастадым. Кішкене дайындап алыстан алып келдім. Енді, мам, жасым 22-де. Бұйырса осы жылы академияны бітіремін. Жұмыс істеп, ақша тауып жүрмін. Мүмкін келешекте бір қызбен таныстырсам, үйленсем деп айттым. Сосын анам ойланып, көзіме қарап тұрды да: «көп сөйлемей шайыңды іш» деді», – деді Әли тыңдармандарын күлкіге қарық қылып.

Әзілдегенді ұнататын Қоянбаев бұл сәтті қалт жіберместен: «Роза апайымыз солай айтса, яғни әлі 3-4 жыл шай ішіп жүресің ғой», – деп қалжыңдады.

Бұл оқиғадан бері де үш жыл уақыт өткен. Тәуелсіздікпен түйдей құрдас әнші биыл 25 жаста. Десе де Оқапов әзірге отбасын құрған жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева күйеуін ренжіткенін мойындады

Мейрамбек Бесбаев журналистерге деген ренішін жасырмай айтты

Айнұр Тұрсынбаева: Аш қасқырдай жалаңдаған жас ұрпақ өсіп келе жатыр

Мақпал Исабекова: Мәскеуде туған екі балам бар

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
06.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар