Алғыс хатты қалай жазады: үлгісі және мәтіндік мысалдар

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі алғыс хаттың үлгісі мен мәтіндік мысалдарын келтіріп, оның қалай жазылатыны жайлы мәлімет ұсынады.

Алғыс хатты қалай жазады: үлгісі және мәтіндік мысалдар

Алғыс хат – қандай да бір себеппен алғыс сөздерді қамтитын іскерлік хат. Оны кәсіби жұмысы, жоғары сапалы қызметтер көрсеткені үшін және тағы басқа да артықшылықтар бойынша алғыс білдіріп жазады. Алғыс хат ұйымға немесе белгілі бір адамға арналуы мүмкін. Ол құттықтау хаты, шақыру хаты немесе құрастырушының бастамасы бойынша жазылған ынталы хатқа жауап хатта  болуы мүмкін.

Алғыс хатты қалай жазады?

Алғыс хаттың пішіні мен құрылымы кәдімгі іскерлік хат секілді болуы керек.

Құжаттың тақырыпшасы

Алғыс хаттың міндетті емес, қосымша элементі қажет болған жағдайда ғана жазылады. Құжаттың тақырыпшасы қағаздың жоғарғы, оң жақ бұрышында жазылуы керек. Онда алғыс білдірілетін адамның немесе ұйымның мәліметтері, яғни лауазымы, ұйымның атауы және тиісті адамның тегі мен аты-жөнінің алғашқы әріптері көрсетіледі.

Жолдама

Егер алғыс хат белгілі бір адамға арналған болса, онда сол адамның аты-жөні көрсетіледі.

Алғыс сөздер. Үлгі сөйлемдер: «Шын жүректен алғыс білдіремін», «Шексіз ризашылығымызды білдіреміз…», «Алғыс білдіреміз…» және т.б.).

Қолтаңба

Парақтың төменгі, сол жақ бұрышында алғыс білдірген адамның қолы қойылады, сондай-ақ оның лауазымы және толық аты—жөні көрсетіледі.

Серіктестік үшін жазылған алғыс хат

Жазылу үлгісі

«Технодом Оператор» ЖШС «Zeta» ЖШС-ге 2018 жылы жиһаз жеткізуде уақтылы және жоғары сапалы қызмет көрсеткені үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

Тұрақты жеткізілімдер бізге өз қызметімізді үздіксіз атқаруға және тұрақты клиенттерді тартуға мүмкіндік берді.

Арамызда қалыптасқан достық қарым-қатынастардың сақталауына сенім білдіріп, болашақта да өзара тиімді және жемісті ынтымақтастықта боламыз деп үміттенеміз.

Ұйымның алғыс хаты

Құрметті Тимур Талғатұлы! Сапар барысында бізді жылы қабылдап, қонақжайлылық пен қызықты мәдени бағдарлама көрсеткеніңіз үшін алғыс айтқым келеді.

Келісілген келіссөздер сенімді серіктестік қатынасты нығайтып, одан әрі дамуына ықпал ететініне сенімдімін.

Сондай-ақ, кездесуімізді ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан барлық адамдарға алғысымызды жеткізіңіз.

Қызметкерге арнап жазылған алғыс хат

Құрметті Айдын Жақыпұлы! Сізге 20 жыл бойы бізбен бірге жұмыс істеп, компанияның дамуына және өркендеуіне үлкен үлес қосқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Сіздің кәсібилігіңіздің жоғары деңгейінің арқасында, біз елдегі машина жасау саласының табысты дамуы секілді осындай маңызды миссияға өз үлесімізді қосып отырмыз!

Сіздің 50-жылдық мерейтойыңызда сізге сарқылмас шығармашылық қуат, барлық бастамалар мен жоспарлардың жүзе асуын, сондай-ақ табыс, мықты денсаулық, қуаныш пен бақыт тілейміз!

Мұғалімге арналған алғыс хат

Сынып жетекшіге арналған алғыс хат үлгісі

Құрметті Айнұр Әлиасқарқызы! Балаларымызға білім беріп, тәрбиелегеніңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздің педагогикалық талантыңыздың және әрбір оқушыға деген сезімтал қарым-қатынасыңыздың арқасында біздің балаларымыз іргелі білім алып, өздерінің қабілеті мен таланттарын аша алды.

Сізге зор денсаулық, сенімділік және сіздің қиын, бірақ сондай маңызды жұмысыңызға сәттілік пен жетістік тілейміз!

Құрметпен, № 79 орта мектептің 11-сынып оқушыларының ата-аналар комитеті.

Мұғалімге арналған алғыс хат үлгісі

Құрметті Сәуле Жомартқызы! Сіздің жоғары кәсібилігіңіз, біліктілігіңіз, педагогикалық талантыңыз және көптеген жылдар бойғы игі ісіңізге деген адалдығыңыз үшін шын жүректен білдірген алғыс сөзімізді қабыл  алыңыз.

Сізге жауапкершілігіңіз, ізгі ниетіңіз, жігеріңіз және әр оқушының тілін таба білгеніңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Сізге зор денсаулық, бақыт және жұмысыңызға сәттілік тілеймін!

Құрметпен, № 79 орта мектептің директоры Арман Жақсылықов.

Балабақша тәрбиешісіне арналған алғыс хат 

Үлгісі

Құрметті Айгүл Мұхтарқызы! Сізге кәсібилігіңіз, кішіпейіл қарым-қатынасыңыз және біздің балаларымызға назар  салып, қамқорлық  көрсеткеніңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.

Сізге төзімділігіңіз, мейірімділігіңіз және әрбір баланың тілін таба білгеніңіз, сондай-ақ топта жылы және жайлы атмосфера құрғаныңыз үшін рахмет айтамыз. Сіздің саналы басшылығыңыздың арқасында біздің балаларымыз достықтың, өздігінен жұмыс істеудің қуанышын сезініп, өй өрісін кеңейте алды.

Сізге зор денсаулық, бақыт, кәсіби жетістіктер тілейміз!

Құрметпен, №187 балабақшаның № 8 тобының ата-аналары.

Дәрігерге алғыс хат

Дәрігерге арнап жазылған алғыс хаттың үлгісі

21.12.2018 жылы күрделі отаны ойдағыдай, сәтті жасағаны үшін хирург Айбын Дарханұлына үлкен алғысымды білдіремін. Науқастарға кәсіби қызмет, қолдау және мұқият қарым-қатынас көрсеткені үшін өз атымнан және отбасымның атынан алғыс білдіремін.

Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарына алғыс хат

Құрметті Әділ Орманұлы және Айжан Сұлтанбекқызы! Мектептің өміріне белсене қатысқандарыңыз және өзін жаңа білім алуға ұмтылатын қабілетті оқушы ретінде көрсеткен ұлдарыңыз Абылай Әділұлына жақсы тәрбие бергендеріңіз үшін шын жүректен ризашылығым мен алғысымды білдіремін.

Сіздердің отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, сәттілік және амандық тілеймін! Болашақта да біздің ынтымақтастығымыздың дамитынына үміттенемін!

Студентке, оқушыға арналған алғыс хат

Облыстық мектептер мен колледж оқушылары арасында үстел теннисінен өткен спорттық жарыста бірінші орынды иеленген 10-А сынып оқушысы Темірбеков Елдос Арыстанұлына алғыс жарияланады.

Айта кетейік, алғыс хатты мүмкіндігінше ұйымның фирмалық бланкісіне немесе арнайы типографиялық формадағы жазба қағазға жазған жөн.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар