Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алғашқы медаль: Юлия Галышева Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Пхенчханда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді.

Сурет: Дене шынықтыру және спорт комитетінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Фристайлдың могул сыны бойынша жарыс жолына шығатын отандасымыз жүлде үшін таласта аянып қалмады. Финалдық кезеңде 77.40 ұпай иеленіп, үздік үштіктен көрінді.

Ақ Олимпиаданың алтын жүлдесін француз Перрин Лаффон (78,65) жеңіп алды. Күміс медальды канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант (78,56) иеленді.

Айта кетсек, Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарында алғаш рет могул бойынша жүлдеге ие болды.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарындағы төмен нәтиже үшін кешірім сұрады

Олимпиада жарыстарының кестесіне өзгерістер енгізілді

Арыстанбек Мұхамедиұлы Пхенчхан-2018 Олимпиадасында қазақстандық спортшыларды қолдауға келді

Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына қайта тағайындалды

Талқылау