Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Альфонс қазақ жігіті Америкада 50 жастағы бай әйелмен кездесіп жүргенін айтты

Дильшат Әбдірашитов есімді қазақ жігіті Америкада 50 жастағы әйелмен кездесіп жүргенін желіде жариялады. Әйелдің жасы үлкен болғанымен, ақшасы, көлігі бар екенін айтты.

Алайда Дильшат жақында 50 жастағы бай әйелді тастап кеткенін, елге келіп жас қыз тапқанын айтты. Оның да әкесі мұнайшы екенін атап өтті. Бай қыздарды іздеп жүрген жігіттер болса, көмектесуге әзір екенін жеткізді.

Альфонс ретінде танылған қазақ жігіті «Өз ойым» бағдарламасында қонақта болып, ашық пікір білдірді.

Шетелдік әйелмен мейрамханада танысқанын айтты. Айтуынша, бай әйел жас жігітпен танысуға өзі ынтық болған.

Алайда Дильшат эфирден соң мұның бәрі әзіл екенін, Стефанимен жай ғана достар екенін айтып ақталды.

Желі қолданушыларының бірі Дильшаттың сөзіне сенсе, бірі сенбеді. Енді бірі пиар ретінде қабылдады. Мұны елге танылудың бір жолы деп есептеді.

 

Талқылау