Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқаны үшін 52 жастағы еркек қылмыстық жауапкершілікке тартылды (видео)

Facebook әлеуметтік желісін бақылау жұмыстары кезінде Жұмақан Бекбасов есімді азаматтың жалған ақпарат таратқаны белгілі болды. Бұл туралы Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 

Жұмақан Бекбасов әлеуметтік желідегі парақшасында Сейфуллин көшесінде жұмыс іздеп тұрған 40 адамды полиция қызметкерлері автобусқа қинап отырғыздырып, қала сыртына алып кетті деген жалған жазба қалдырды.

“Тексеру кезінде бұл ақпараттың шындыққа сай келмейтіні анықталды. Сондай-ақ жазбаның авторы ішкі істер органдарының қызметкерлері жайлы балағат сөздер жазған. Жұмақан Бекбасов полиция қызметкерлеріне көпшілік алдында тіл тигізіп, жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілікке тартылады. Жазбаның авторына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары бастамашылық етті “, — дейді Алматы қаласы полициясының подполковнигі Салтанат Әзірбек.

Ер адам өз кінәсін бірден мойындаған. Ол осы ісі үшін заң алдында жауап беруге дайын екенін айтты.

“Біз тағы да қазақстандықтарды әлеуметтік желілердің тәртібін сақтауға шақырамыз. Жалған ақпаратты тарату сынды жалған ақпаратты тарату сынды заңға қайшы әрекеттерді жүзеге асырмауға кеңес береміз. Тек ресми дереккөздерге ғана сену қажет. Алғашқы дереккөз сізге белгісіз болса, оны  ешқашан таратпаңыз. Ойды жеткізуде нақтылық пен ақиқатты пайдалану керек. Тәртіпті сақтамаған жағдайда азамат ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады”, — дейді ол

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде дөрекілік танытып, жалған ақпарат таратқан жағдайда қазақстандық 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 180 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Талқылау